ҚАЗАҚСТАН-РЕСЕЙ МЕДИЦИНАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Кафедра:_____________________ Студенттің аты-жөні: Оралбаев Н. Б. Факультеті: Жалпы медицина Группа: 205 Б Оқытушының аты-жөні:________________ Алматы-2016ж. Жалпы рецептура
Жоспары: Жалпы түсінік, жалпы рецептура, Фармакопея; Рецепт, дәрілерді жаздыртып босатудың ережелері; Дәрілік формалар; Қорытынды; Пайдаланылған әдебиеттер.
Жалпы рецептура – дәрілік формалардың рецептке жазылу ережелерімен таныстыратын фармакологияның бөлімі. Дәрілік форма – дәрілік препараттарға қажетті емдік немесе профилактикалық эффектке қол жеткізуге мүмкіндік беретін, практикалық қолданысқа ыңғайлы формалар. Консистенциясына байланысты сұйық, жұмсақ және қатты дәрілік формаларды ажыратады; дәрінің бір түрі сәйкесінше әр түрлі дәрілік формада берілуі мүмкін. Дәрі алуан түрлі аурулардың және паталогиялық жағдайлардың профилактикасына немесе емдеу мақсатында қолданылатын бір немесе бірнеше дәрілік заттардан құралады. Дәрілік зат – дәрі ретінде пайдаланылатын индивидуалды химиялық қосылыс. Дәрілік препарат – белгілі бір дәрілік формада дайындалған дәрі. Жалпы түсінік.
Фармакопея(pharmacon - дәрі, poieo - жасаймын) –дәрінің сапасы мен жарамдылығын анықтаудың әдістері сипатталған стандарттар мен нормалардың жинағы. Фармакопеяда дәрілердің физикалық және химиялық құрамы, ересектер мен балаларға улы және қатты әсер ететін дәрілердің ең жоғарғы бір реттік және бір күндік дозаларының кестелері, әр түрлі дәрілік формаларды дайындаудың әдістері, сақтау мен босатудың шарттары және т.б. көрсетілген. Мемлекеттік фармакопеяның заңды күші бар. МФ талаптары дәрілерді жасап шығарушы немесе қолданушы елдің барлық мекемелері мен өнеркәсіптеріне міндетті.
Рецепт – дәрігердің немесе фельдшердің дәріханаға науқасқа белгілі бір дәрілік формада дәріні жасап беру және босату жөніндегі, дәрінің дозасы мен оны қолдану әдісі жазылған өтініші қарастырылатын жазбаша жолдауы. Құрамында есірткілік заттары бар дәрілерге арналған рецепттің жарамдылық мерзімі 5 күн. А тізімінің улы заттарына, басқа препараттармен қосылыста болатын кодеинге, кодеин фосфатына, этилморфин гидрохлоридіне, нейролептиктерге, антидепрессанттарға, транквилизаторларға, стероидтарға, астматин және астматол, 8-оксихинолин туындыларына, этил спирті бар препараттарға жазылған рецепттің жарамдылық мерзімі 10 күнге дейін. Басқа барлық дәрілік заттарға жазылған рецепттердің жарамдылық мерзімі 2 айға дейін. Рецепт, дәрілерді жаздыртып босатудың ережелері.
Рецептті арнайы форма бойынша латын тілінде(сигнатурасы – орысша) формалы бланкте анық жазумен жазады. Рецептте түзетулерді болдыртпайды. Рецептте жазылған күні, науқастың аты-жөні мен жасы, дәрігердің аты-жөні, одан кейін Recipe (Rp.) сөздері жазылады және дәрілік заттардың аттары қажетті мөлшерімен ілік септігінде жазылады. Рецепттің қысқартылған және толық жазбалары бар. Егер науқасқа дәріні жедел жаздыртып босату қажет болса, онда рецепттік бланкінің жоғарғы жағында “Cito”(дереу) немесе “Statum”(шұғыл) деп жазады.
Ерітінділер - SOLUTIONES (Solutio, Solutionis). Ерітінді – сұйық дәрілік форма, қатты дәрілік заттың немесе сұйықтың еріткіште ерітілуі арқылы алынады. Еріткіш ретінде қолданылады: Aqua destillata, Spititus aethylicus 70%, 90%, 95%, Glycerinum, сұйық майлар: Oleum Vaselini, Oleum Olivarum, Oleum Persicorum. Сәйкесінше, сулы, спирттік, глицеринді және майлы ерітінділерді ажыратады. Сонымен қатар нағыз және коллойдты ерітінділерді ажыратады; нағыз ерітінділер әрқашан мөлдір болу керек, ешқандай жүзгіндер мен тұнбалары болмауы тиіс. Сұйық дәрілік формалар.
Rp: Solutionis Hydrogenii peroxydi dilutae 3% - 100 ml Da. Signa: Развести 1 столовую ложку в стакане воды. Для полоскания. Rp.: Solutionis Mentholi oleosae 1% - 20ml Da. Signa: Капли в нос, закапывать по 2 капли, 3-4 раза в день. Для расчета разведения: 1 ч.л. содержит 5 мл водного раствора, 1 десертная ложка - 7,5 мл, 1 ст.л. - 15 мл. В 1 мл водного раствора содержится 20 капель. Капли перед употреблением разводят небольшим количеством воды. Қолданылуы: сыртқа және ішке, инъекцияларға. Рецептпен босату ережелері:
Суспензиялар – қатты майда бөлшектенген ерімейтін дәрілік заттар қандайда бір сұйықтықта жүзгін/тұнба күйінде болатын сұйық дәрілік форма. Суспензияларды ішке және сыртқа белгілейді. Стерильді суспензияларды бұлшықетке енгізуге болады. Әдетте суспензияны дайындағанда сұйық ретінде су қолданылады. Суспензиялар - SUSPENSIONES (Suspensio, Suspensiones)
Rp.: Suspensionis Hydrocortisoni acetatis 0,5% - 10 ml D. S. По 2 капли в глаз 4 раза в день, перед употреблением взбалтывать. Rp.: Trichomonacidi 0,25 Olei Vaselini ad 50 ml M. f. suspensio Sterilisetur! D. S. Вводить в мочевой пузырь по 10 мл. Перед употреблением взбалтывать. Рецептпен босату ережелері:
Эмульсия - суда ерімейтін сұйық заттар(мысалы, сұйық майлар) сулы ортада майда тамшылар күйінде өлшенген жағдайда болатын сұйық дәрілік форма. Табиғи майлы эмульсияның мысалы ретінде сүтті алуымызға болады. Эмульсияларды ішке және сыртқа қолданады. Дайындау әдісі бойынша майлы және дәндік эмульсияларды ажыратады. Көбінесе майлы эмульсиялар қолданылады. Майлы эмульсияларды сұйық майлардан дайындайды: үпілмәлік майы(касторовое), бадам майы(миндальное) және т.б. Майды эмульгирлеу (оны майда түйіршіктерге бөлу) үшін эмульсия дайындау барысында арнайы эмульгаторлар пайдаланылады. Эмульсиялар – EMULSA (Emulsum, Emulsi)
Rp.: Emulsi olei Amygdalarum 200 ml Codeini phosphatis 0,2 Misce Da Signa: По 1 ст. л. 3 раза в день Рецептпен босату үлгісі:
Тұндырмалар мен қайнатпалар – өсімдіктекті дәрілік шикізаттан (жапырақтар, шөп, тамырлар, т.б.) 100°С температурада сумен өңдеу барысында алынған осы өсімдіктердің әсер ететін бастамалары мен кейбір балласттық заттар. Тұндырмалар көбінесе өсімдіктердің жапырақтарынан, гүлдерінен, шөптен дайындалады. Қайнатпалар, әдетте, өсімдіктердің қалың, қатты бөліктерінен(тамырларынан, қабықтарынан) дайындалады және осыған байланысты тұндырмалардан әсер етуші бастамалардың ұзақ дайындалуымен ерекшеленеді. Тұндырмалар мен қайнатпалар тез бұзылатындықтан, оларды тек қана дәріханаларда, науқасқа қажетті, 3-4 күнге жететіндей мөлшерде, берілер алдында дайындалады. Тұнбалар мен қайнатпалар - INFUSA ET DECOCTA (Infusum, Infusi; Decoctum, Decocti)
Rp.: Infusi herbae Thermopsidis 0,6 - 180 ml Da Signa: По 1 ст. л. 3 раза в день. Rp.: Infusi herbae Leonuri 20,0 – 200 ml Da Signa: Рецептпен босатылу ережелері:
Тұнбалар - TINCTURAE (Tinctura, Tincturae) Тұнбалар –өсімдіктекті шикізаттан қыздырусыз және экстрагентті жоюсыз алынатын спирттік, сұйық, мөлдір дәрілік формалар. Барлық тұнбалар ресми мақұлданған; және тұндырмалар мен қайнатпаларға қарағанда тұрақты дәрілік форма болып саналады. Рецептпен босатылу ережелері: Rp.: Tincturae Сonvallariae 5 ml Tincturae Valerianae 15 ml Misce Da Signa: По 20 капель на прием, 3 раза в день. Галеновы препараты – тұнбалар мен сығындылар
Сығынды – дәрілік өсімдіктекті шикізаттан алынатын концентрленген сүзінді. Консистенциясына байланысты сығындыларды сұйық(Extracti fluidi), қою(Extracti spissi) және құрғақ(Extracti sicci) деп ажыратады. Рецептпен босатылу ережелері: Rp.: Extracti Frangulae fluidi 20 ml Dа Signa: По 20 капель на прием, 3 раза в день. Сығындылар - EXTRACTA (Extractum, Extracti)
Бұл препараттар өсімдіктекті дәрілік шикізаттан алынған және баласттық қалдық заттардан максималды босатылған және ішке белгіленуге ғана емес, сондай-ақ, парентеральды енгізуге жарамды сүзінділер. Әрбір новогалендік препараттың өзіндік арнайы атауы болады. Барлық новогалендік препараттар рәсімделген және зауыт-фабрикаларда арнайы технологиялардың сақталуымен жасалады. Новогалендік препараттарды ішке белгілеуге ыңғайлы: қажетті препараттың атауы және оның мөлшері жазылады. Рецептпен босатылу үлгісі: Rp.: Adonisidi 15 ml Da Signa: По 15 капель 3 раза в день. Новогаленовы препараты
Жақпа майлар(мази) - UNGUENTA (Unguentum, Unguenti) Жақпа майлар – сыртқы қолдануға белгіленетін және тұтқыр консистенциялы, жұмсақ дәрілік формалар. Жақпа майларды дәрілік заттарды арнайы қалыптүзгіш заттармен – жақпа майдың негізімен араластыру арқылы алады. Жақпа майдың негізі ретінде көбінесе вазелинді(мұнайды қайта өңдеудің өнімі), ланолинді(қой жүнін қайта өңдеудің өнімі) пайдаланады. Одан басқа, жақпа майлардың негізі ретінде басқа заттар да болуы мүмкін, мысалы: парафин, балауыз, т.б. 4. Жұмсақ дәрілік формалар.
Рецептпен босатылу ережелері: Rp.: Unguenti Novocaini 5%- 30.0 Da Signa: Rp.: Streptocidi 2,5 Albucidi 5,0 Vaselini ad 50,0 Misce,fiat unguentum Da Signa:
Пасталар - PASTAE (Pasta, Pastae) Пасталар – құрамында ұнтақтәрізді заттары 25%-дан кем және 60-65% жоғары емес жақпа майлардың бір түрі. Пастаны дайындау барысында ұнтақтәрізді заттардың мөлшерін әдетте қажетті деңгейге дейін көтереді, ол үшін индифферентті ұнтақтарды қосады: цинк оксиді, тальк, крахмал, т.б. Рецептпен босатылу ережелері: Rp.:Anaesthesini 2,5 Zinci oxydi 20,0 Vaselini ad 50,0 Misce. fiat pasta Dа Signa: Наносить на пораженные участки кожи. Rp.: Pastae Zinci 40,0 Da Signa:
Балауыздар - SUPPOSITORIA (Suppositorium, вин. п. - Suppositorium, Suppositoria) Балауыздар – бөлме температурасында қатты және дене температурасында еритін дозаланған дәрілік формалар. Балауыздарды көбінесе зауыт-фабрикалық әдіспен дайындайды, кейде дәріханаларда да жасалуы мүмкін. Балауыздардың ректальды(suppositoria rectalia) және вагинальды(suppositoria vaginalia) түрлері ажыратылады. Балауыздар дәрілік заттардан және негізінен тұрады. Балауыздарды дайындау үшін алуан түрлі заттар негізі ретінде алынады; ең жақсы негізі ретінде какао майы(Oleum Cacao) саналады. Вагинальды балауыздардағы дәрілік заттарды жергілікті әрекеттерге, ал ректальды балауыздардағыны - резорбтивті әрекеттерге қолданады.
Қорытынды Сонымен, жалпы рецептура – фармакологияның бөлімі болып саналады. Рецепттерді дұрыс жазылып, тиімді қолдануын тексеріп, бақылайды. Қандай да болсын рецептті жазу үшін міндетті түрде барлық белгілі дәрілік формаларды ажырата алу қажет және олардың әрқайсысын қандай жағдайда қолдану тиімді екенін білу өте маңызды. Сондай-ақ, әрбір дәрігер, әсіресе фармацевт өз елінің фармакопеясында жазылған заңдылықтарды қатаң ұстануы тиіс!!!
Пайдаланылған әдебиеттер: Технология лекарственных форм: Учебник в 2-х томах. Том 1 / Под ред. Т.С. Кондратьевой. – М.: Медицина, 1991. С.312-325. Краснюк И.И. Фармацевтическая технология. Технология лекарственных форм: учеб. /И.И. Краснюк, С.А. Валевко, Г.В. Михайлова. – М.: Академия, 2006. С. 350-374. Фармакология с общей рецептурой : учебник/ Д.А. Харкевич – 3-е издание, испр. и доп. – М.-ГЭОТАР-Медиа 2010.