Тақырыбы: ұaлпа қабынуын емдеудің салыстырмалы сипаттамасы. ұлпа қабынуын емдеуде қолданылатын физикалық факторлардың салыстырмалы сипаттамасы Орындаған: Бегалиев Б Курс: 4 Тобы: 12-005-02 Қабылдаған: Маңғытаева Б.Б. С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Терапевтикалық стоматология кафедрасы Алматы, 2016 жыл
Жоспар: Кіріспе Негізгі бөлім Қорытынды Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе Тіс ұлпасы тіс қуысында орналасқан және екі бөліктен тұрады 1) Сауыт ұлпасы; 2) Түбір ұлпасынан. Көптүбірлі тістерде түбір ұлпасы мен сауыт ұлпасының арасында өте анық анатомиялық шекара бар. Ол шекара өзек сағалары болып табылады. Тістің түбір ұшында тесік орналасқан. Тіс толық қалыптасқаннан кейін бұл анатомиялық тесік физиялогиялық тесіккке айналады. Тіс ұлпасы адам туылғаннан картайғанға дейн өзгеріске ұшырап отырады. Жас адамның тіс ұлпасы борпылдақ, қанмен жақсы қамтылған, толық дамып жетімеген жасушаларға бай тін. Жас ұлғайған сайын тіс ұлпасы өзгеріске ұшырап жасушалар санының азюымен, ұлпа тіні торлы атрофиялануға ұшырайды.
Ұлпаның қабынуын емдеу кезінде қойылатын мақсаттар: ауыру сезімін басу мүмкіндігінше ұлпадағы қабыну ошағын жою ұлпаны құрылымдық құрамын қалпына келтіріп, дентин құру қызметін жоғарылату қабыну үрдісінің периодонтқа ауысуын тежеу сырқат тістің қызметін қалпына келтіру
Ұлпа қабынуын емдеудің заманауи әдістері : Ұлпаны сақтап емдеу әдісі немесе консервативтік-биологиялық әдіс Ұлпаны жартылай сақтап емдеу әдісі немесе түбір ұлпасын сақтау әдісі- метод витальной ампутациис сохранением корневой пульпы –консервативті хирургиялық әдіс Хирургиялық әдіс: қабынған ұлпаны жартылай алу әдісі –ұлпаны ампутациялау әдісі Аралас хирургиялық әдіс (смешаннй метод)
Ұлпаны алып емдеу-хирургиялық әдісі: Ұлпаны тірідей алу әдісі Ұлпаны өліеттендіріп алу әдісі
Ұлпаны тірідей алу әдісі: Ұлпаны тірідей толық алу әдісі Ұлпаны тірідей жартылай алу әдісі Ұлпаны тірідей аралас алу әдісі
Ұлпаны өліеттендіріп алу әдісі: Ұлпаны өліеттендіріп алу әдісі Ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі Ұлпаны өліеттендіріп аралас алу әдісі
Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі: Ұлпаны толық сақтап емдеу әдісі. (консервативный или биологический метод лечения пульпита) Әдісті қолдану көрсетілімері: ұлпаның кездейсоқ ашылуы, ұлпаның жедел жартылай қабынуы, ұлпаның созылмалы жай қабынуы
Қарсы көрсетілімдері: Тісі сырқат адамның жасы: 40-тан жоғары болуы, бойындағы ілеспелі аурулар: гипертония аурулы, атеросклероз, қант диабеті, қан аурулары, жүрек-қантамыр жетіспеушілігі, бүйрек, бауыр жетіспеушілігі, витаминдр тапшылығы, тіс төңірегіндегі тіндердегі қабынбалы-дистрофиялық өзгерістер (пародонт қабынуы, пародонтоз, сырқат тістің электқозғыштығынның 25 мкмдан жоғары болуы, түбірұшы периодонтындағы бұзылыстық өзгерістер, тіске жасанды сауыт кигізу жоспарланған кезінде, бесінші кластық тісжегі қуыстары).
КОНСЕРВАТИВТІ ӘДІСІ: Консервативті әдісті жүргізу тәсілі: Әдістің негізгі мақсаты ұлпадағы қабыну үрдісін тежеп, ұлпаның өміршеңдігін толық сақтау. Ұлпаны сақтау үшін құрамында аурусыздандырушы препараттар, антисептиктер, антибиотиктер, кортикостероидтар, ферменттер, кальций суоксиді бар қойыртақтар пайдаланылады.
Бірінші кезеңі –жүргізілу тәсілі: Тісжегі қуысын егеп-тазалаудың әр кезеңін орындағанда зарарсыздандырылған борларды пайдаланады және бордың қатты ысып кетпеуін қадағалап отырады, қуыстың табанын төмен айналымды бормен немесе аршығыштың көмегімен өңдейді.
Екінші кезеңі Тісжегі қуысын антисептиктер ерітіндісімен жуу және құрғату. Ол үшін 0,9% натрий хлоридінің ерітіндісі, 0,5% новокаин ерітіндісі ерітіндісінде ерітілген антибиотиктер ерітіндісі, 0,02 % хлоргексидин ерітіндісі. Құрғату үшін зарарсыздандырылған мақта тампондары (анжыларды) пайдаланады. Кептірілген тісжегі қуысының табанын қатаятын емдік қойыртпақпен (DYCAL, LIFE, BIOCALEX, кальцемин, кальцин) жауып, уақытша пломбы қояды. Емдеудің келесі кезеңін 5-7 күннен кейін жүргізеді. Тісі сырқат адамның ешқандау шағымы болмаса, уақытша пломбы алынады және емдік төсемнің үстінде жұқа қабатын қалдырады.
Жартылай сақтап емдеу әдісі немесе витальды ампутациялау әдісі: Бұл әдіс өміршеңдігі төмендеген сауыт ұлпасын алып, түбір ұлпасын сақтауды қарастырады және көптүбірлі тістерде жүргізіледі. Қолдану көрсетілімдері: ұлпаның кездейсоқ ашылулары, ұлпаның жедел жартылай қабынуы, ұлпаның созылмалы жай (қарапайым қабынуы) (ұлпаның электрқозғыштығы 40 мкА дейін болғанда)
Қажетті анестезия жасағаннан кейін (тіс ұлпасыз уақытша жансыздандыру үшін) тісжегі қуысын егеп тазалап, шарға ұқсас бормен сауыт қуысын төбесінен теседі және ашып сауыт ұлпасын, өзек сағасы ұлпасын алады (аршығыш, борлардың көмегімен) аққан қанд тоқтатып, сауыт қуысын антисептиктер ерітіндісімен жуып, кептіреді. Өзектер сағасын одонтотроптық емдік төсемдермен жауып, уақытша пломбы қояды. Егер шағымы болмаса, 5-7 тәуліктен кейін уақытша пломбыны тұрақты пломбыға ауыстырады.Кейбір авторлар 3-4 аптадан кейін ауыстырған тиімді деп санайды.
Ұлпа қабынуын хирургиялық әдіспен емдеу: Көрсетілімдері: Ұлпаның жедел толық қабынуы Ұлпаның жедел іріңдей қабынуы Ұлпаның созылмалы өсе қабынуы Ұлпаның созылмалы шіри қабынуы Ұлпаның созылмалы қабынуының өршуі Ұлпаның созылмалы ретроградты қабынуы Ұлпаның созылмалы конкременттік қабынуы Ұлпаның жарақаттан қабынуы Ұлпа қабынуын толық және жартылай сақтап емдеу әдістері нәтижеіз болған жағдайда
Ұлпаны тірідей толық алу әдісі (витальді пульпоэктомиялау немесе экстирпациялық әдісі ): Бұл әдісі сауыт және түбір ұлпасын толық алуды қарастырады. Орындау тәсілі. Бұл әдіс түбір өзектерді жақсы өтетін және кеңейтуге қолайлы тістерде, анестетиктерге аллергиясы жоқ адамдарға жүргізіледі.
Орындау кезеңдері: Емдеу әдісі ұзақ жүргізілетін болғандықтан (1-1,5-2 сағат) амид негізді анестетиктер қолданады (лидокаин, артикаин, мепивакаин) тісжегі қуысын егеп-тазалап, тіс қуысынан біріншілік эндодонттық жол ашады. өзек сағасын немесе өзек сағаларын кеңейтіп, түбір ұлпасын алады (ұлпа алғыштың көмегімен) өзектен аққан қанды тоқтатып, антисептиктер ерітіндісмен жуып, құрғатады. өзектер қабырғаларын эндодонттық аспаптармен қырып тазалап, қайта жуып, кептіреді және пломбылайды. аралық төсем және тұрақты пломбы қояды.
Ұлпаны жартылай алу әдісі: Бұл әдіс түбір өзектері өтпейтін және кеңейту мүмкіндігі жоқ жағдайда жүргізіледі (жас ұлғайған адамдарда). Жүргізу тәсілі Сауыт қуысына біріншілік жол ашқан соң, өзек сағаларын кеңейтеді (мүмкіндігінше) , түбір өзектеріне импрегнациялау әдісін жүргізеді (резоцин-формалин сұйықтығымен, резодентпен немесе мумификациялаушы қоыртпақтар қояды), тісжегі қуысын уақытша пломбмен жабады. Екінші қабылдауда уақытша пломбыны алып, тіс қуысын жуып және құрғатып, өзектердің сағаық бөліктерін антисептикалық қойртпақтармен пломбылап, тұрақты пломбы қояды.
Ұлпа қабынуын девитальдік әдіспен емдеу: Бұл әдістің мәні сауыт немесе түбір ұлпасын алдын ала өліеттендіріп немесе өміршендігін жойып барып алу Девитализациялау немесе өміршендігін жою ұлпаның барлық құрылымдарын өміршендіктен айырып, бұзу және қызмеінен тежеу, ауру сезімталдығын жою.
Девитальдық әдісті қолдану аясы: Витальді емдеу әдісін қолдну мүмкіндігі жоқ жағдайлар: анестетиктерге организмнің сенсибилизациялануы, емделушінің инъекция жасаудан қорқақтауы, инъекциялық жансыздандыру әдісінің витальдық емдеу әдісінің нәтижесіздігі, бойында ауыр сырқаты бар науқастар. Ұлпаны өліеттендіру үшін мышьяк қышқылының препараттары және пароформаальдегид қолданылады. Ұлпаны өлеттендіру үшін мышьяк ангидридін (AS2O3) ең алғаш 1836 жылы Спунер (Spooner) қолданған. Мышьяк ангидриді ашық ауада ылғалды тұтып мышьяк қышқылына айналады.
Ұлпа қабынуын емдеудің аралас әдісі: Бұл әдіс ампутациялық (пульпотомиялау) әдісті бір тісте қатар жүргізуді қарастырады ұлпаның жедел толық қабынуы, ұлпаның созылмалы жай (қарапайым) қабынуы, созылмалы өсе қабынуы және конкременттік қабынуы кезінде қолданылады. Ұлпаны алу үшін витальдық немесе девитальдық тәсілдер қолданылады. Ұлпа уақытша жансыздандырылып немесе өліеттендіріліп алған соң ертеректе берілгенде сауыт ұлпасы, өтетін өзектерден түбір ұлпасы алынады Өтпейтін немесе өту мүмкіндігі жоқ өзектерде терең ампутациялау әдісі жүргізіліп, өтетін өзектерді пломбылайды, ал өтпейтін өзектер сағасына мумификациялаушы қойыртпақтар қояды, тісті уақытша пломбымен жабады. Келесі қабылдауда (7-10 күннен кейін ) ешқандай асқыну байқалмаса, уақытша пломбыны тұрақты пломбыға ауыстырады.