Сабақтың тақырыбы: Химиялық реакция типтері және химиялық реакция теңдеулері бойынша есептер шығару.
Мақсаты. Оқыту : химиялық реакция типтерін салыстыруға анализ жасауға химиялық теңдеулер құра білуге, теңдеу бойынша есеп шығаруды үйрету. Дамыту : химиялық теңдеулер бойынша білім- білік дағдыларын дамыту арқылы алған білімдерін іс- жүзінде пайдалана білуін қалыптастыру. Тәрбиелік : өз бетімен жұмыс істеуге, ізденуге адамгершілікке тәрбиелеу. Түрі: Ойын сабақ.
Ойын: “Мықты химик” “Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар”
Жоспар: Бәйге (ауызша сұрақтар) “Қыз қуу” Жүгірген озар, қуған жетер Химиялық баспалдақ. Нысанаға дәл тигіз. Мықты химик.
Бәйге
Ауызша сұрақтар. Химиялық реакциялардың теңдеулері дегеніміз не? Химиялық реакциялардың типтерін ата. Қосылу реакциясы қандай заттардың арасында жүреді мысал келтір. Айырылу реакциясы қалай жүреді мысал келтір. Орынбасу реакциясы туралы не білесің? Алмасу реакциясы қандай заттар арасында жүреді мысал келтіре
“Қыз қуу”
Жүгірген озар, қуған жетер Есептер шығару. Массасы 3,2 г. мыстағы зат мөлшерін, атом санын анықтаңдар. Массасы 6,6 г.көмір қышқыл газының (қ.ж) алатын көлемін, зат мөлшерін, молекула санын анықтаңдар. Зат мөлшері 0,25 моль күкірт (IV) оксидінің массасын, (қ.ж) алатын көлемін , молекула санын анықтаңдар. Молекула саны 3,01*1023 Na2CO3 массасын зат мөлшерін есептеңдер.
Мен саған, сен маған. Химиялық теңдеулерді құруға жаттығулар. I –Нұсқа .Теңдеуді аяқтап валенттілік бойынша формула құрастыр реакцияның қандай типіне жататынын анықта. Na2О +H2O = Cu(OH)2= CH4 + O2=CO2+H2O V II P + ? = P O Ае(ОН)3 = Ae2O3+ H2O II – Нұсқа N2 + ? =NH3 Mg + H2SO4 = CaO + CO2 = Ae2O3 + H2SO4 =…+… Ca(OH)2 + HCI =
Тапсырма № 1 . Теңдеуді аяқтап,коэффициенттер қойып теңестіріп химиялық реакция типін анықта. H2O + SO3= … MgCO3=... + … C+? = CO2 … + CI2= AeCI3 N2 + …= NH3 CuO + H2SO4= CuSO4 + …
Mg + O2 = H2O = Zn + HCl = P + O2 = H2SO4 + KOH= Fe2O3 + H2 = Химиялық баспалдақ.
2Mg + O2 = 2MgO (қосылу.) 2H2O = 2H2 + O2 (айырылу.) Zn + 2HCl = ZnCl2 + H2 (орынбасу.) 4P + 5O2 = 2P2O5 (қосылу.) H2SO4 + 2KOH = K2SO4 + 2H2O (алмасу.) Fe2O3 + 3H2 = 2Fe + 3H2O (орынбасу.)
Нысанаға дәл тигіз. Оттегінің 2 молі берілген, оттегінің массасын,көлемін(қ.ж) және молекула санын табыңдар? Массасы 92 г. натрий хлормен әрекеттескенде неше г.натрий хлориді (ас тұзы) түзіледі?
Есептің жауабы. Берілді : Шешуі : n(O2) = 2 моль N(O2) = n ∙ NA = 2 моль ∙ 6,02 ∙ 1023 моль-1 = N, m, V (O2) - ? 12,04 ∙ 1023 молекула m (O2) = n ∙ M = 2 моль ∙ 32 г/моль = 64 г V (O2) = n ∙ Vm = 2 моль ∙ 22,4 л/моль = 44,8 л Жауабы : 12,04 ∙ 1023 молекула, 64 грамм, 44,8 литр.
Мықты химик. Сабақты қортындылау . Тапсырма №3. Жұмыс дәптері 30-31 беттегі химиялық теңдеулер бойынша есептер шығару. №81,82,83 Сабақты бекіту 36 беттегі тест жұмысы. Бағалау , үйге тапсырма 17,18,19 тапсырмалар.