«Балғын» шағын орталығының толық күнге ауысу салтанатына арналған мерекелік іс-шараның әзірлемесі
Бағдарламасы: 1. Ашылу салтанатының лентасын кесу. 2. Бүлдіршіндер өнері. 3. «Балғын» шағын орталығын аралау. 3. Мектеп оқушыларының концерттік бағдарламасын тамашалау.
1 жүргізуші: Ауылым той деп бүгін жар саламыз, Қонақтарды құрметпен қарсы аламыз. Армысыздар қадірлі ата – аналарым, Армысыздар кіп – кішкентай балапаным. Құтты болсын деп айтамыз бүлдіршінге, Бақшамызға нық – нық басқан қадамдарың. 2 жүргізуші: Балабақша – менің жарқын көңілім, Балабақша шаттық толы өмірім. Балабақша әнім боп та көріндің, Балабақша анам боп та көріндің, -дей отырып, бүгін «Балғын» шағын орталығының толық күнге ауысуына арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз! 1 жүргізуші: Бүгінгі шағын орталықтың толық күнге ауысуының ашылу салтанатына жиналған құрметті қонақтар! «Балғын» шағын орталығының тәрбиеленушілерінің қадамын құтықтай отырып, балабақшаның ашылу салтанатының лентасын қию құрметін ата-аналар Айдарханова Қарлығаш, Әміртаева Баянға ұсынамыз. (күй орындалады) Шашу шашылады.
Лента кесу сәті
Жүздеріңнен көрем шаттық арайын, Осылай болсын, әрбір күнің әр айың Қадамдарың сәтті болсын, балалар Тілектерің қабыл болсын ағайын! Қонақтардың ішке кіруін сұраймыз.
Қонақтардың балабақшаға кірген сәті
Құттықтау сөз балабақшадан кейінгі мектептегі бала тәрбиесіне бар өмірін арнап жүрген мектебіміздің директоры, аудандық маслихаттың депутаты Сағындық Сейтқазыұлына беріледі.
Сөз кезегі бүлдіршіндерде
1 жүргізуші: Бала тәрбиесі – ол үлкен және жауапты іс. «Баланы бесіктен» деп қазақ халқы бекер айтпаған. Баланы қай нәрсеге болса жасынан үйреткен жақсы. Әсіресе елін сүюге, имандылыққа, қазақ тілін қадір тұтуға үйретудің маңызы зор. Осы қасиеттерді «Балғын» балабақшасының тәрбиешілері беретініне сенеміз. 2 жүргізуші: Келесі құттықтау сөзді Үміт әжеге береміз.
Бүлдіршіндердің концерттік бағдарламасынан үзінді
2 жүргізуші: Ал, енді ауылымыздың ардагерлер кеңесінің төрағасы Шоқанов Мұқтарбек ағамыздан баршамызға, бүлдіршіндерге бата беруін сұрайық.
1жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар салтанатты мерекемізді көріп тамашалағандарыңызға рахмет айта келе, мерекеміздің жалғасы сіздерге арналған мектеп оқушыларының концертімен жалғасады. Мектеп акт залына баруларыңыз сұралады.
1-жүргізуші: Бүгін ауылымызда бүлдіршіндердің үлкен мейрамы. Елбасы тапсырмасына сай «Балапан» бағдарламасы іске асырылып, «Балғын» шағын орталығы ашылған болатын, бүгіннен бастап орталық толық күнге ауысты. «Білім туралы Заңға» сәйкес балаларды тәрбиелеу, оқыту, дамыту және сауықтандыру тұтастығы әрі мектепке дейінгі және бастауыш білім берудің сабақтастығы үздіксіздігін қамтамасыз ететін болады. 2-жүргізуші: Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына 31 қаңтар 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыртуы: жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» жолдауының төртінші басымдығы – адами капитал сапасын жақсарту. Онда ІТ-білімді, қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға, ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек. Бала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту қажеттігі тапсырылған. Бүгінгі ізгілікті іс ұлы жолдың бастауы болып табылады.
Ән: Наурыз-көктем – 5 сынып Ән: Көңілді күн – Айым Ән: Анашым қартаймашы - Еркеназ
Қош келіпсіз, қонақтар, ауылыма Сән-салтанат әкелген қауымыма. Армысыздар, ата-ана, ағайындар, Жиналған балабақшаның сауығына.
«Мәңгілік Ел» болуды басты мұрат еткен, Қазақ Елі Елбасының Үшінші Жаңғыру жолдауын жүзеге асырумен бастағалы отыр. Жолдауда ел дамуының басты бағыттары белгіленіп, іске асыру тетіктері көрсетіліп, әр азаматқа міндет жүктелген.
«Мәңгілік Ел» әні «Қазақтың тойы бітпесін» биі
1-жүргізуші:Бақшамыз қуанышқа тола берсін, Сіздердей қамқоршылар бола берсін. Жаңа балабақша-жаңа өмір сыйлап берген, Алғысымыз бақыт болып қона берсін. 2-жүргізуші:Жаңа өмірдің жемісін теріңіздер, Балалардың жақсылығын көріңіздер. Рахмет сіздерге жаны жомарт демеушілер, Ұмытпай жиі-жиі келіңіздер.