PPt4Web Хостинг презентаций

Главная / Медицина / гиповитаминоз
X Код для использования на сайте:

Скопируйте этот код и вставьте его на свой сайт

X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте, пожалуйста, её своим друзьям в любой соц. сети.

После чего скачивание начнётся автоматически!

Кнопки:

Презентация на тему: гиповитаминоз


Скачать эту презентацию

Презентация на тему: гиповитаминоз


Скачать эту презентацию

№ слайда 1 Қарғанды Мемлекеттік Медицина Университеті Балалардың инфекциялық аурулары кафед
Описание слайда:

Қарғанды Мемлекеттік Медицина Университеті Балалардың инфекциялық аурулары кафедрасы СӨЖ Тақырыбы: « Балалардағы респираторлы – синцитиальды және микопламалық инфекциялар » Орындаған: Джурабекова А.Н. 4042 топ ЖМФ Қабылдаған: Изтелеуова А.М. Қарағанды 2014

№ слайда 2 Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім Респираторлы – синцитиальды инфекция – этиологиясы
Описание слайда:

Жоспары Кіріспе Негізгі бөлім Респираторлы – синцитиальды инфекция – этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, асқынулары, лабораторлық диагностикасы Микоплазмалық инфекция – этиологиясы, эпидемиологиясы, патогенезі, клиникасы, асқынулары, профилактикасы Қорытынды Пайдаланылған әдебиеттер

№ слайда 3 Кіріспе Респираторлы – синцитиальды инфекция – ерте жастағы балаларда өте ауыр т
Описание слайда:

Кіріспе Респираторлы – синцитиальды инфекция – ерте жастағы балаларда өте ауыр тыныс алу жолдарының вирусты инфекциясы. РС – инфекцияда басым, тыныс жолдарының төменгі бөлімдері зақымдалады, бронхиолит дамиды. Микоплазмалық инфекция – микоплазмамен шақырылатын, дақылдық қасиеттеріне байланыстывирустар мен бақтериялардың арасында орын алатын адам мен жануарлардың жеел жұқпалы ауыруы.

№ слайда 4 Респираторлы – синцитиальды инфекция Респираторлы – синцитиальды инфекция – жеде
Описание слайда:

Респираторлы – синцитиальды инфекция Респираторлы – синцитиальды инфекция – жедел вирусты антропонозды ауру. РС – инфекцияда басым, тыныс жолдарының төменгі бөлімдері зақымдалады, бронхиолит дамиды. РС – инфекция барлық жерлерде таралған, ауру жыл бойы тіркеледі, аурушаңдықтың аздап жоғарлауы қыста немесе көктемде байқалады.

№ слайда 5 Этиологиясы Қоздырғышы – туыстығы Pneumovirus, тұқымдастығы Раrаmухо-viridae жат
Описание слайда:

Этиологиясы Қоздырғышы – туыстығы Pneumovirus, тұқымдастығы Раrаmухо-viridae жататын РНҚ – геномды вирус. Вирустың нейтрализдейтін антиденелердің синтезін шақыратын беткейлік А –антигені және комплементбайланыстырушы антиденелердің түзілуін индуцирлейтін нуклеокапсидті В-антигені бар. Вирус in vitro и in vivo жағдайында да синцитий немесе алып жасушалардың түзілуіне қатысады. Вирионы 55 °С - та 5 минутта, 37 °С – та 24 сағат ішінде белсенсіз күйге түседі. Вирус рН = 3,0 болса, сонымен қатар баяу мұздатқанда толығымен жойылады. Эфир, қышқылдар мен детергенттерге сезімтал.

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7 Эпидемиологиясы Инфекция көзі – аурудың жедел кезеңінегі науқас немесе тасымалда
Описание слайда:

Эпидемиологиясы Инфекция көзі – аурудың жедел кезеңінегі науқас немесе тасымалдаушы адам. Вирус мұрын – жұтқыншақтан аурудың клиникалық белгілері пайда болуына 1 – 2 күнге дейін бөліне бастайды. Қоздырғыштың берілу механизмі – аэрозольді, ауа – тамшылы жолмен таралады. Көбінесе ерте жастағы балаларда қабылдаушылық жоғары. Инфекциядан кейін иммунитет тұрақты емес, бірнеше жылдан кейін қайта ауыру мүмкін. Гуморальды иммунитет өмір бойы сақталады. Эпидемиянның интенсивтілігі жоғары, көп жағдайда 3 – 5 айға созылады.

№ слайда 8 Патогенезі Вирус адам ағзасына аэрогенді жолмен түсіп, шырышты қабаттардың эпите
Описание слайда:

Патогенезі Вирус адам ағзасына аэрогенді жолмен түсіп, шырышты қабаттардың эпителиальды жасушаларына, сонымен қатар қабыну үрдісін белсендіріп мұрын – жұтқыншаққа енеді. Әсіресе, кішкентай балаларда үрдіс кеңірдек, бронхтар мен бронхиола, альвеолаларға таралып, төменгі тыныс жолдарының зақымдалуы тән. Вирустың репродукциясының нәтижесінде бронхтар мен бронхиолалардың эпителиальды жасушаларының некрозы, лимфоидты перибронхиальды инфильтрация жүреді. Қабынудың айқын аллергиялық компонентпен үдеуінде эпителийдің көпжасушалық өскіндері пайда болып, альвеола саңылауына мононуклеарлы экссудат бөлінеді. Соның нәтижесінде, тыныс жолдарының обтурациясы дамып, эмфизема және ателектаздардың дамуына ықпал етеді.

№ слайда 9 Клиникасылық көріністері Инкубациялық кезеңі 3 – 6 күн. Ауру жедел басталады, аз
Описание слайда:

Клиникасылық көріністері Инкубациялық кезеңі 3 – 6 күн. Ауру жедел басталады, аздап катаральды белгілер болады, 2 – 3 күннен кейін тыныс жетіспеушілік белгілері дамиды, цианоз, экспираторлы ентігу, 4 – 5 күндері пневмония дамиды. Шамалы интоксикация белгілері байқалады. Дене температурасы көбіне субфебрильді, кейде 38°С – қа көтеріледі, бас ауыру, әлсіздік байқалады. Асқынбаған жағдайларда қызбалық кезең 2 - 7 күнге созылады. Катаральды өзгерістер көбінесе ринит, жұмсақ таңдайдың, сирек – жұтқыншақтың артқы қабырғасының гиперемиясымен көрінеді. PC - инфекцияның жетекші симптомы – ұзаққа созылатын, құрғақ жөтел. Жөтел 3 аптаға созылуы мүмкін.

№ слайда 10
Описание слайда:

№ слайда 11 Бір жасқа дейінгі балалардағы ерекшелігі Бұл инфекция балаларда ЖРВИ – дің арасы
Описание слайда:

Бір жасқа дейінгі балалардағы ерекшелігі Бұл инфекция балаларда ЖРВИ – дің арасында бірінші орынды алады. Ауру өте ауыр түрде өтеді, себебі обструктивті синдром дамиды. Ауру жиі біртіндеп басталады, субфебрильді дене қызуымен біртіндеп өршиді. Катаральды синдром анық емес, мұрны бітеді, жөтеледі, біртіндеп тыныс жиілейді, қайталамалы жөтел болады. Көбінесе бронхиолит дамиды, астматикалық синдром, бауыр, көкбауыр үлкейеді, кейбір балаларда диарея дамиды.

№ слайда 12
Описание слайда:

№ слайда 13 Лабораторлы диагностикасы Жалпы қан анализі; Жалпы зәр анализі; Вирусологиялық ә
Описание слайда:

Лабораторлы диагностикасы Жалпы қан анализі; Жалпы зәр анализі; Вирусологиялық әдіс өте сирек қолданылады, өйткені мұрын – жұтқыншақтан вирустың бөлінуі қиын. Серологиялық зерттеу қолданылады. Ретроспективті диагноз антидене титрінің жоғарлауын көрсетеді.

№ слайда 14 Асқынулары Асқыну меншікті бактериальды флораның белсенуімен байланысты. Ең жиі
Описание слайда:

Асқынулары Асқыну меншікті бактериальды флораның белсенуімен байланысты. Ең жиі асқынулары – пневмония және отит. Балаларда жалған круп дамуы қауіпті. Негізі аурудың болжамы жағымды, емшектегі балаларда пневмония дамыса болжамы күрделі.

№ слайда 15 Емі Асқынбаған жағдайларда үйде симптоматикалық емдеу жүргізіледі. Ауруханада ан
Описание слайда:

Емі Асқынбаған жағдайларда үйде симптоматикалық емдеу жүргізіледі. Ауруханада антибиотиктер, сульфаниламид препараттары қолданылады. Астматикалық синдромды эфедрин, эуфиллин, антигистаминді препараттарды, ауыр жағдайларда глюкокортикоидтарды парентеральды енгізу арқылы басады.

№ слайда 16 Микоплазмалық инфекция Микоплазмамен шақырылатын, дақылдық қасиеттеріне байланыс
Описание слайда:

Микоплазмалық инфекция Микоплазмамен шақырылатын, дақылдық қасиеттеріне байланысты вирустар мен бақтериялардың арасында орын алатын адам мен жануарлардың жұқпалы ауруы.

№ слайда 17 Этиологиясы Қоздырғышы – Mycoplasma, ерекше микроорганизмдер. 40 – тан астам түр
Описание слайда:

Этиологиясы Қоздырғышы – Mycoplasma, ерекше микроорганизмдер. 40 – тан астам түрлері бар, солардың ішінде адамды зақымдайтын тек 6 серовары бар: М. pneumoniae, M. hominis, M. orale, M. salivarium, M. fermentans и Т-микоплазмы. Адамның патогендік микоплазмасына М. pneumoniae жатады. Ол бронх өкпе жүйесін зақымдаса, басқалары зәр шығару жүйесінің, көздің, буындардың ауруларын тудырады. Қоздырғыш сыртқы ортада тұрақсыз.

№ слайда 18 Микоплазма
Описание слайда:

Микоплазма

№ слайда 19 Эпидемиологиясы Инфекция көзі – ауру адам немесе реконвалесцент. Ауру ауа – тамш
Описание слайда:

Эпидемиологиясы Инфекция көзі – ауру адам немесе реконвалесцент. Ауру ауа – тамшылы жолмен жұғады. Ауру көбінесе салқын мерзімде кездеседі, бірақ балаларда эпидемиялық жағдайлар жазда да болуы мүмкін.

№ слайда 20 Патогенезі Микоплазма кеңірдек пен бронхтардың шырышты қабаттары арқылы енеді. О
Описание слайда:

Патогенезі Микоплазма кеңірдек пен бронхтардың шырышты қабаттары арқылы енеді. Ол тыныс жолдарының эпителийінің және альвеолалардың дезорганизациясын тудырады. Ауыр жағдайларда қанмен бауырға, ОЖЖ, бүйрекке таралуы салдарынан процесс жайылуы мүмкін, гепатит, менингит, нефрит дамиды. Бронхиальды лимфа түйіндері үлкейеді.

№ слайда 21 Клиникасы Инкубациялық кезеңі 1 – 2 күн, кейде 3 – 4 аптаға созылуы мүмкін. Ауру
Описание слайда:

Клиникасы Инкубациялық кезеңі 1 – 2 күн, кейде 3 – 4 аптаға созылуы мүмкін. Ауру жоғары тыныс жолдарының катары ретінде басталады, дене қызуы жоғарлайды, жөтел, мұрыннан су ағу болады. Аңқаның шырышты қабатының және жұтқыншақтың артқы қабырғасының ісінуі және қызаруы байқалады. Круп, астматикалық синдром, кейде диарея дамуы мүмкін. Аурудың 3 – 4 күндері пневмония дамиды, онда катаральды синдром күшейеді, жалпы жағдайы нашарлайды. Мұрыннан іріңді бөлініс бөлінеді, жөтелі ылғалды, ентігу болады. Қызба ұзақ сақтлады, дегенмен интоксикация белгілері шамалы болады. Пневмония болмаса ауру 5 – 7 күнге, кейде 8 – 10 күнге созылады. Клиникалық белгілер 1 – 2 ай болуы мүмкін.

№ слайда 22
Описание слайда:

№ слайда 23 Асқынулары Жиі кездесетіндері: отит, синусит, іріңді ларинготрахеобронхит, ошақт
Описание слайда:

Асқынулары Жиі кездесетіндері: отит, синусит, іріңді ларинготрахеобронхит, ошақты немесе сегментарлы пневмония, сирек миокардит болады. Неврологиялық асқынулар болуы мүмкін: менингит, менингоэнцефалит, энцефалит. Полирадикулоневрит дамуы мүмкін.

№ слайда 24 Диагностикалау әдістері Бактериологиялық: фарингеальдық шырыштан, іріңнен, қақыр
Описание слайда:

Диагностикалау әдістері Бактериологиялық: фарингеальдық шырыштан, іріңнен, қақырықтан микоплазмаларды бөліп алу. КБР және ТЕГАР латекс – агглютинация, гельдегі диффузия

№ слайда 25 Емі Науқасты клиникалық көрсеткіштерге байланысты госпитализациялайды. Этиотропт
Описание слайда:

Емі Науқасты клиникалық көрсеткіштерге байланысты госпитализациялайды. Этиотропты ем: тетрациклиндер, канамицин, жартылай синтетикалық пенициллиндер 6 – 8 күн бойы қолданылады. Тек жоғарғы тыныс жолдары ғана зақымдалса симптоматикалық еммен шектелуге болады. Онда ішке ибупрофен сиробы, парацетамол, антигистаминді препараттар, витаминдер комплексі, қақырық түсіретін заттар, мукалтин т.б тағайындалады.

№ слайда 26 Профилактикасы Науқасты ерте анықтау және тез арада оңашалау. Жедел респираторлы
Описание слайда:

Профилактикасы Науқасты ерте анықтау және тез арада оңашалау. Жедел респираторлы ауруда 5 – 7 күн, ал пневмонияда 2 – 3 апта оңашалайды. Жалпы аурудың алдын алу шараларын жүргізу. Спецификалық профилактикасы жоқ.

№ слайда 27 Қорытынды Бұл аурулар көп кездеседі. ЖРИ – ден болатын өлімнің негізгі себебі пн
Описание слайда:

Қорытынды Бұл аурулар көп кездеседі. ЖРИ – ден болатын өлімнің негізгі себебі пневмония болып табылады, сондықтан ата – аналар аурудың белгілері байқала бастағаннан ауруханаға тексертуге алып баруы қажет. Дұрыс ем жүргізілген жағдайда оң нәтижеге жетуге болады.

№ слайда 28 Пайдаланылған әдебиеттер « Балалардың инфекциялық аурулары » Ғ.Ғ.Құттықожанова.
Описание слайда:

Пайдаланылған әдебиеттер « Балалардың инфекциялық аурулары » Ғ.Ғ.Құттықожанова. « Балалардағы жұқпалы аурулардың диагностикасы және ажырату диагностикасы » Р.Х.Бегайдарова, Г.Қ.Алшынбекова. «Интернет желісі google.ru

№ слайда 29 Назарларыңызға үлкен рахмет!!!
Описание слайда:

Назарларыңызға үлкен рахмет!!!

Скачать эту презентацию

Презентации по предмету
Презентации из категории
Лучшее на fresher.ru