№5 дәріс. Липидтер алмасуы. Биохимия кафедрасы Жақыпбекова Салтанат Сеилбековна
Дәрістің жоспары Липидтердің жіктелуі. Липидтердің негізгі өкілдері. Олардың маңызы. Ішек қуысында өтетін процестер. Ішек қабырғасында өтетін процестер. Липидтер алмасуындағы өкпенің, бауырдың, май тінінің ролі.
Липидтердің жіктелуі Липидтер- суда ерімейтін, органикалық еріткіштерде (эфир, хлороформ, бензолда) еритін заттар тобы. ЛИПИДТЕР Жай Күрделі 1.Глицеридтер: Триацилглицериндер (ТАГ) Диацилглицериндер (ДАГ) Моноацилглицериндер (МАГ) 2. Балауыз 3. Стеридтер Фосфолипидтер: Глицерофосфолипидтер (спирт-глицерин) сфинголипидтер (спирт-сфингозин) 2. Гликолипидтер
3-шы тобы: Липидтердің негізін салушылар мен туындылары Май қышқылдары Глицерин Холестерин Майда еритін витаминдер Майда еритін гормондар (стероидты гормондар, эйкозаноидтар).
Май қышқылдар қаныққан моноқанықпаған Көп қанықпаған СnH2n+1COOH Пальмитин қ-лы (16:0) С15Н31СООН Стеарин қ-лы (18:0) С17Н35СООН Олеин қ-лы (18:1) С17Н33СООН Линоль қ-лы (18:2) С17Н31СООН Линолен қ-лы (18:3) С17Н29СООН Арахидон қ-лы (20:4) С19Н31СООН
ТАГ маңызы 1. Энергия көзі. 1г майлар тотыққанда 38,9 кДж энергия бөлінеді. 2. Эндогенді судың көзі. 100 г май тотыққанда 107 г су түзіледі. 3. Еріткіштік қызметі- майда еритін витаминдердің сіңірілуіне қажет. 4. Дене температурасын тұрақты ұстап тұруға қатысады. 5. Мүшелер мен тіндерді механикалық зақымдалудан қорғайды.
Фосфолипидтердің (ФЛ) маңызы Құрылымдық ролі – биологиялық мембраналарды түзеді. Хиломикрондар мен липопротеиндердің құрамына кіріп қан арқылы суда ерімейтін липидтерді тасымалдауға қатысады. Кефалиндер (фосфатидилэтаноламин) қанның ұюына қатысады. Липотроптық қызметі- бауырды май басудан қорғайды. Сурфактант құрамына кіріп өкпедегі қалыпты тыныс алуды қамтамасыз етеді.
6) Сфингомиелин-миелин қабықтарының және мидің, жүйке тіні жасушаларының мембранасының негізгі компоненті.
Биологиялық мембрана
Холестериннің (ХС) маңызы 1.Құрылымдық ролі- биологиялық мембрананың липидтерінің 30% құрайды. Оның сұйық күйін қамтамасыз етеді. 2. Диэлектрик қызмет атқарады- нерв тінінде миелин қабығын түзе отырып нерв импульстерінің жылдам берілуіне қатысады. 3. ФЛ-тер құрамындағы КҚМҚ пероксидтік тотығудан қорғайды.
4. Пластикалық қызметі-холестериннен өт қ-ры, стероидты гормондар, Д3 витамині түзіледі. 5. ХС-нен канцерогенді қосылыстар түзілуі мүмкін. 6. ХС алмасуы бұзылғанда атеросклероз, өт-тас ауруы дамиды.
КҚМҚ маңызы Оларды алмастырылмайтын, эссенциалды май қ-ры және витамин Ғ деп те атайды. ФЛ-тер құрамына кіріп, мембрананың сұйық күйінде болуын қамтамасыз етеді. Антиатерогенді эффект көрсетеді. Қанның ұюын төмендетеді. Инфекциялық ауруларға төзімділігін арттырады. Арахидон қ-нан эйкозаноидтар деген гормон тәрізді заттар түзіледі.
Ішек қуысында өтетін процестер Майлардың эмульсиялануы. Липидтердің гидролизі (қорытылуы). (Гидролазаларды қара). 3. Мицелланың түзілуі. 4. Сіңірілу. Эмульсиялану- ащы ішекке түскен ірі май тамшылар ішектің жиырылуы және эмульгаторлар (жұп өт қ-ры, ФЛ, белоктар) әсерінен ұсақ май тамшыларына ыдырайды.
Эмульгаторлар- беткі-активті заттар, май тамшыларының бетіне адсорбцияланып, беткі керілу күшін төмендетеді. Жұп өт қ-дар ұсақ май тамшыларының бетіне адсорбцияланып оны бір текті теріс зарядтайды. Зарядтар өзара тебісетіндіктен эмульсия тұрақты болады. Эмульсия құрамындағы ТАГ, ФЛ, ХС эфирлері ұйқы безі және ішек сөлінің ферменттерінің әсерінен гидролизге ұшырайды.
Жұп өт қышқылдары
Мицелла түзілуі Суда ерімейтін липидтердің гидролиз өнімдері – β-МАГ, ұзын БМҚ (көміртек атомы 10-нан жоғары), ХС мицелла құрамында ішек қабырғасына түседі. Мицелла гидрофобты ядро мен гидрофилді қабаттан тұрады. Ядро құрамына β-МАГ, ұзын БМҚ, ХС, ал гидрофилді қабатына жұп өт қ-ры мен ФЛ-тер кіреді. Мицелланың диаметрі 0,005 мкм тең.
Суда еритін қысқа тізбекті БМҚ және глицерин ішек жасушасына жеңіл сіңіріліп қақпа венасы арқылы бауырға түседі.
Ішек қабырғасында өтетін процестер Мицелла ыдырайды. Липогенез – ТАГ синтезі β-моноацилглицеридті жолмен жүреді: β-МАГ + 2ацил-КоА ТАГ +2НSКоА 3. Липонеогенез. 4.Липолиз СО2 мен Н2О дейін. Липидтер толық тотыққанда өте көп АТФ түзіледі.
ТАГ-нің β-моноглицеридті жолмен түзілуі
5. Хиломикрондар түзіледі. Қан арқылы суда ерімейтін липидтер (ТАГ, ХС мен оның эфирлері) жеке күйінде тасымалдана алмайды. Олар капиллярлардың бітеліп қалуына (май эмболиясына) әкелуі мүмкін. Сондықтан ішек қабырғасында хиломикрондар (ХМ), ал бауырда липопротеиндер түзіледі. Олар қан арқылы липидтерді тасымалдайтын формалар.
Хиломикрондардың (ХМ) құрамы ХМ-дар гидрофобты ядро мен гидрофилді қабаттан тұрады. Гидрофобты ядро құрамына ТАГ-80%, ХС мен оның эфирлері -11%, ал гидрофилді қабатқа ФЛ-7% мен апобелок -2% кіреді. Оның диаметрі 0,1-0,5 мкм (1,5 мкм) дейін болады. ХМ-дар үлкен және тұрақсыз болғандықтан, ішек жасушасынан лимфа жүйесіне түседі. Кеуде лимфа өзегі арқылы, оң жүрекке, кейін өкпеге келеді.
Бауырдың ролі Липогенез фосфатидтік қ-лы арқылы: АТФ АДФ 2ацил-КоА 2НSКоА Глицерин Глицерофосфат Н2О Н3РО4 ацил-КоА НSКоА Фосфатид қ-лы ДАГ ТАГ ЦМФ ЦДФ-холин фосфатидилхолин (фосфолипид)
ТАГ пен ФЛ-дің синтезі - бәсекелес процестер. ФЛ-тер синтезіне липотропты факторлар-азотты негіздер (холин, этаноламин, серин) қажет. Егер олар жеткіліксіз мөлшерде болса, ФЛ-тер синтезі азаяды, ал ТАГ түзілуі жоғарылайды, бауырды май басып кетеді. 2. Липонеогенез. 3. ХС (80%) және оның эфирлері түзіледі. 4. Кетон денелері синтезі жүреді.
5. БМҚ синтезі. 6. Апобелоктар мен липопротеиндер (ЛП) түзіледі. ТӨТЛП ТТЛП ТЖЛП пре-β-ЛП β-ЛП α-ЛП 55%ТАГ 50% ХС 50%белок ТАГ-ты ХС-ді басқа ХС-ді тіндерден май тініне тіндерге бауырға Т А С Ы М А Л Д А У
Major classes of lipoprotein particles Lippincott Fig. 18.19
Клиникада атерогенді индекс есептеледі. Қалыпты жағдайда индекс:β-ЛП/α-ЛП=3. Жүректің ишемиялық ауруы, атеросклероз кезінде индекс 3-тен жоғары болады. 7. Липолиз жүреді. 8. Глицериннің тотығуы. 9. БМҚ β-тотығуы. 10. Холестериннің өт қ-на тотығуы.
Май тінінің ролі ТАГ қорға жиналады. Липогенез. Липонеогенез (негізінде көмірсулар алмасуының аралық өнімдерінен). Липолиз глицерин мен БМҚ-ға дейін. Олар басқа тіндерде пайдаланылады. БМҚ қандағы альбуминмен байланысып тасымалданады.
Сұрақтар Қандай спирт ТАГ құрамында болады? Қандай липидтер миелин қабатына көп мөлшерде кіреді? Қандай май қышқылдар ағзада түзілмейді? Қандай заттардың сіңірілуіне мицелла қажет болады? Қандай липопротеиндер атерогенді болады?