Антикалық мәдениет {
Ежелгі Грек мәдениеті Крит-Микены мәдениеті Гомер дәуірінің мәдениеті Архаика кезеңінің мәдениеті Классикалық кезеңмәдениеті Эллинизм кезеңінің мәдениеті
Грекия аумағындағы ең ежелгі өркениет. Оның орталығы Крит аралы мен Грекиядағы Микены қаласы болған. Крит мәдениетінің пайда болуы – б.д.д. ІІІ-ІІІ жылдықтар аралығы. Бұл кезең Критте сарайлар дәуірі деген атқа ие болды. ХХ ғасырдың бас кезңнде ағылшын археологы А.Эванс рит аралынан ежелгі патша сарайларының бірін тапты. Бұл атаұты грек мифіндегі Минос патшаның лабиринті еді. Сарайлар қабырғаларына салынған фрескаларда ежелгі адамдар өмірінен көріністер, жануарлар, гүлдер, т.б. бейнелер асқан шеберлікпен берілген. Крит мәдениетінің бізге жеткен құндылықтары арасынан тамаша фрескалардан басқа өте әдемі қола статуэткаларды, қару-жарақтарды, әр түсті керамиканы ерекше атауға болады. Б.д.д. ХV- ХІІІ ғасырларда гүлденген Микены мәдениетінің ескерткіштері – сарайлар қалдықтары Микенадан, Тиринфтен, Пилостан, Афиныдан, Иолктен табылды. Крит-Микены мәдениеті
Гомер дәуірінің мәдениеті Грек тарихының келесі кезеңін ұлы ақын Гомердің атымен гомер дәуірі деп атайды. Оның тамаша поэмалары «Илиада» мен «Одиссея» сол уақыт жөнінде (б.д.д. 1-мың жылдық) өте жақсы мағлұмат беретін хабарлар көзі болып табылады. Олар б.д.д. ХІІІ ғасырда өткен Троя соғысын және поэманың басты кейіпкерлерінің бірі Одиссейдің еліне қайтқан жорығы кезінде басынан кешкен таңғажайып оқиғаларын баяндайды. Сол кезең көркемөнерінің аса маңызды ерекшеліктері геометриялық өрнекпен жазылған керамикалық дүниелер біздің заманымызға дейін жетті.
Архаикалық кезеңінің мәдениеті Б.д.д. VІІІ-VІ ғасырларда гректер өз Отандарынан тыс Жерорта, Қара және Мәрмәр теңіздері жағалауы елдерін отарлауға кірісті. Бұл уақыт тарихқа «ұлы отарлау» атымен енді. Соның нәтижесінде, грек мәдениеті өзге халықтармен араласып, мәдениетін байыта түсті. Архаика кезеңінде қала мемлекеттер – полистер Афины, Спарта, Коринф, Аргос, Фивы қалыптасты. Бұл кезең атышулы грек аңыздары – мифологиясының қалыптасу кезеңі болды. Грек аңызы бойынша, ең әуелі Хаос (ештеме жоқ, тәртіпсіз дүние) болған, одан жер (Гея құдай ана) және жер асты патшалығы (Тартар) бөлініп шыққан. Грек мифологиясы бойынша дүние құдайлар мен адамдардан тұрған. Ең басты құдайлар Грекиядағы ең биік Олимп тауын мекендеген. Гректер мәдениетінің тағы бір бөлігі төрт жыл сайын Олимп құдайлары құрметіне өткізілетін олимпиадалық ойындар болды. Ең алғашқы олимпиадалық ойындар б.д.д.776 жылы өткізілген. Жаңа заманда бұл ойындар 1896 жылы барон Пьер де Кубертеннің ұйымдастыруымен Афины қаласында өткізклді. Ежелгі Грекия ғалымдары философия ғылымында айрықша табыстарға жетті. Ұлы философтар Фалес, Анаксимен, Анаксимандр, Парменид, Гераклид, Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит, т.б. адам, қоғам, болмыс, сана, материя, туралы салиқалы еңбектер қалдырды. Б.д.д. VІ ғ. бастап грек театры дами бастады. Грек театры ашық аспан астында ұйымдастырылған, оның орхестра, скена,тәрізді бөліктері болған. Қала құрылысында сәулет өнерінің тамаша туындылары акрополь, агора, ғибадатханалар мрамордан тұрғызылған.
Классикалық кезең мәдениеті Ежелгі Грекия тарихының өзіндік межесі грек-парсы соғыстары (б.д.д.500-449 ж.ж.) болды. Гректердің жеңісі нәтижесінде классикалық құлиеленушілік түбегейлі орнықты, полистік демократия дамып, ол өз кезегінде Грекияның экономикалық және саяси өмірінің дамуына, мәдениетінің өрлеуіне мүмкіндік берді. Ғылымға материяның бөлінбейтін бөлшектері – атомдар ұғымын Демокрит енгізді. Грек медицинасының даңқын дәрігер Гиппократ (б.д.д. ІV-ІІІ ғғ.) шығарды. Оның шығармалары медицина ғылымының одан әрі өркендеуіне негіз болды. Б.д.д. V ғасырда грек әдебиетіндегі негізгі жанрлар трагедия мен комедия болды. Грек классикалық трагедиясының атасы Эсхилдің «Бұғаудағы Прометей», «Орестея», «Парсылар» шығармалары уақытты жеңіп, қазіргі заман театрлар репертуарларынан берік орын алып отыр.сонымен қатар ежелгі грек трагиктері Софокл мен Еврипид те бұл жанрдың қалыптасуына зор еңбек сіңірді. Комедия жанрында ұлы грек драматургы Аристофан («Құстар», «Дүние», «Лионстрата») жемісті еңбек етті.
Эллинизм кезеңінің мәдениеті Грекия тарихындағы жаңа кезең эллинизм дәуірі Македония патшасы Александр Македонскийдің жауап алу жорықтары нәтижесінде (б.д.д. 334-324 жж.) құрылған Дунайдан Инд өзеніне дейінгі аралықты алып жатқан орасан зор державаға байланысты дүниеге келген еді. Осы кезеңде ұлы ғалымдар Архимед, Эвклид, Эротосфен таланттары жарқырай көрінді. Философия саласында Эпикур, Зенон сияқты ойшылдар өздерінің артында эпикурлық және стоицизм атты ағымдарды қалдырды. Эллинизм дәуірінде оқу, білім ісіне ерекше мән берілді. Қалада қоғамдық орындар құрылысына ерекше мән беріліп, буневтерийлер, палестрлар, гимназиялар, стадиондар, моншалар, т.б. Құрылыстар көптепсалынды.эллинизм дәуірініің са көрнекті ескерткіштерінің қатарына Пергам қаласындағы Зевстің рельефтік суретін, Мелос аралығындағы Афродита мүсінін, «Лаокоон» мүсіндік тобы, Демосфеннің мүсіндік портретін жатқызуға болады.
Ежелгі Рим мәдениеті Патшалық тұсындағы Рим мәдениеті Республика кезеңіндегі Рим Мәдениеті Христиандық кезең
Патшалық тұсындағы Рим мәдениеті Патшалық дәуір б.д.д.VІІІ ғасырдан б.д.д. VІ ғасырға дейін созылды. Аңыз бойынша Римді 7 патша басқарған. Олардың тұсында қаланы тас қорғанмен қоршаған, канализация жүргізілген, гладиаторлық ойындар үшін цирк тұрғызылған. Осы кезде Рим қаласының негізін салушылар, қасқыр асыраған ағайындылар туралы аңыз пайда болған еді.
Республика кезеңіндегі Рим мәдениеті Ежелгі Рим мәдениетінің дамуына Оңтүстік Италиядағы грек қалаларын жаулап алудың үлкен рөлі болды. Б.д.д. ІV ғасырда Рим қоғамының жоғары қабаттарына грек тілі, кейбір грек дәстүрлері тарай бастады. Азаматтық қауымдастық – республикалық құрылыс ұйымдасқаннан кейін шешендік өнер пайда болды. Б.д.д. ІІІ ғасырдан бастап Рим дініне грек діні өте мықты ықпал ете бастады. Грек әдебиеті итальяндық халық ауыз әдебиетімен қатар, рим әдебиетінің қалыптасуына зор ықпал етті. Рим архитекторлары жаңа конструкторлық принциптерді жүзеге асыра отырып, ғибадатханалар, сарайлар, үйлер құрылысына аркаларды, төбелерді,күмбездерді бағандарды кеңінен қолданды. Римде құқық туралы ғылым – юриспруденция ерекше дамыды.
Христиандық кезең Христиандық Рим империясының шығыс провинцияларында кең тараған адамзатты құтқарушы - мессияны күту идеясына байланысты пайда болды. Христиандық жүйенің орталығында Иисус Христосты адам кейпіндегі Құдайдың ұлы деген аңыз болған еді. Б.д.д. І ғасырдың бас кезінде жаңа діннің негізін салушының өмір жолы туралы еңбек – інжіл жазылды. Алғашқы кезеңде христиандыққа империалық өкімет тарапынан сенімсіздік туындап, христиан діні бүкіл Рим империасының мемлекеттік дініне айналды. Шығыс Рим империасы 1453 жылға дейін Византия империясы деген атпен өмір сүрді. Оның мәдениеті грек мәдениетәнің христиандық үлгідегі жалғасы болды. Батыс Рим империясы, ең соңғы императорының билігінің 476 жылы тоқтатылуымен, өз өмірін аяқтады. Бұл жыл дәстүрлі түрде Ежелгі дүние тарихының соңы, орта ғасырлардың басы болып есептеледі.
Назарларыңызға Рақмет!