Алоэ Төкіш Ақнұр Ерболатқызы №36 орта мектебі
Алоэ — лалагүл тұқымдасына жататын, қуаншылыққа төзімді көп жылдық бұта. Тропиктік, субтропиктік белдеулерде кездеседі. Шыққан жері Оңтүстік Африка аймағы болып саналады. Негізінен, құрғақ әрі құмды шөлдерде өседі.
Биіктігі 7-12 м-дей, сабағы жуан, жапырағы шырынды, етті, тікенді болып келеді. Қызыл, қызғылт-сары, сары түсті, гүлі түтікше келген қоңырау тәрізді гүлшоғырына топталған. Сирек гүлдейді, негізінен құстар арқылы тозаңданады. Тұқымынан кейде өсімді (вегетативті) жолмен де көбейеді. Тұқымы жалпақтау қоңыр түсті. Алоэны көбейту үшін сабағының түбінен шығатын атпа бұтақтарын аналық өсімдіктен бөліп алып, құмды құнарлы топыраққа отырғызу керек.
алоэнің ең көп тараған түрі — Нағыз алоэ (Aloe Vera). Оның барбадостық алоэ (Aloe barbadensis), кәдімгі алоэ (Aloe vulgaris), сары алоэ деген аттары бар. Алоэнің бұл түрі әлем бойынша емдік мақсаттарда кеңінен пайдаланылады. Тағыда коптеген гул тектес, агаш тәріздес емдік түрлері бар. Оның қүрамында глюкозид, эфир майы, дәрілік заттар бар.
Алоэ түрлері
Алоэ әсіресе оңтүстік-шығыс жаққа қараған терезе алдында жақсы өседі. Қалыпты мөлшерде суарып тұру қажет. Жақсы өсіп келе жатқан алоэні аммиакты селитрамен (1 л суға 1 г қосып), не коровяк тұнбасымен қоректендіру керек. Оны өсіретін топырақ құрамы 2 үлес шым, 1 үлес жапырақ аралас топырақ, 0,5 үлесі өзен құмы болуға тиіс, Бұларға үгітілген кірпіш ұнтағы мен ағаш кө-мірі қосылады.
Мүмкіншілігі болғанша, күннің шуағы түсетін, жаздың күндері ашық жерге орналастырған жақсы. Қыста жарық жерде, ауа температурасы +10°C деңгейінде болатын орында ұстауға болады. Жаз уақытындағы вегетация кезеңінде (өсу кезеңі) алоэнің су сақтағыш ұлпалары (суккуленттері) ылғалдылықты көп қажет етпейді. Сондықтан, әр бір суарудан соң топырақтың кебуі (құрғауы) керек. Қыста салқын жерде тұратын болса, көп суарудың қажеті жоқ. Дұрыс суармаудың нәтижесі алоэнің ауруына әкеліп соғады. Крандағы салқын суды бірден құюға болмайды. Жазда айына бір рет кактустарға арналған тыңайтқыш арқылы топырағын құнарландыруға болады.
омпнаплрио
Алоэ гүлі үйде тек декоративті мақсатта ғана емес, емдік мақсатта да өсіріледі. Емдік практикада алоэнің жапырағы мен шырыны және де алоэ экстракты (механикалық және химиялық әдістермен бұзылған ұлпа) пайдаланылады. ағаш тәріздес алоэның жапырақтарынан көз, асқазан-ішек т. б. ауруларды емдейтін экстракт әзірленеді. Оның жапырақ сөлін іріңді жараны, күйген жерді, тері дерттерін (қабынған) емдеуге қолданады. Дегенмен, оны дәрігердің кеңесімен пайдалану қажет, өйткені бірқатар жүрек-тамыр ауруларына кері әсер етеді
Алоэ вераны жеңіл күйік пен жарақаттарды емдеуге пайдалануға боалды. Бұл өсімдіктің қою да созылмалы шырыны ауыру мен қышығанды басады. Инфекциядан жазылуға және оның алдын алуға көмектеседі. Өсімдіктен кішкене кесіп алып, сыртқы қабығын аршыңыз да, сол жұмсақ жапырақты немесе оның шырынын тікелей күйікке немесе жарақатты жерге салыңыз. Алоэның асқазан жарасы мен гастритті емдеуде де көмегі бар. Алоэның үшкір жапырақтарын ұсақтап тураңыз да, оны түнімен суға батырып пайда болған созылмалы ащы сұйықты әр 2 сағат сайын 1 стаканнан ішіңіз.
Назар аударғандарыңыз рахмет!!!