Тақырып: Кәсіби бағдардағы белсенді әдістер. Кушкурбаева М. А. ПО-31
Жоспар: 1. Кәсіби бағдардағы белсенділік әдістері. 2. Кәсіби өзін-өзі анықтаудың кәсіби және тұлғалық белсенді әдістері. 3. Кәсіби кеңес беру әдістемесі бойынша жалпы түсінік.
1. Кәсіби бағдардағы белсенділік әдістері. Кәсіби бағдар беру - жас ұрпақты өзіне ұнаған тиісті мамандықты саналы талдап алуға дайындауға бағытталған іс-әрекеті. Кәсіби бағдар беру арқылы оқушыларды мамандықтар әлемінде, олардың мазмұны, ерекшеліктері, жеке тұлғаға қоятын талаптарын өз бойындағы қасиеттерімен ұштастырып, өндіріс, шаруашылық салаларының даму міндеттеріне, оның нарықтық экономика жағдайындағы рөліне сай саналы таңдалып алынған мамандыққа мүдделілігін тәрбиелеуді қажет етеді.
Кәсіби бағдар берудің негізгі мақсаты жас ұрпақты саналы түрде мамандық таңдауға дайындау, үйрету екендігі белгілі. Ол үшін мына белсенді әдістер қолданылады: — оқушылардың бойында ішкі психологиялық — әлеуметтік мәнділікті реттейтін қызмет түрлерін тәрбиелеу; — түрлі еңбек қызметтері мен сыйластық қатынастарын тәрбиелеу; — кәсіпті өз бетінше, саналы түрде жеке қасиеттерін есепке ала отырып орындау бағытын жетілдіріп, тәрбиелеу.
Кәсіби бағдардағы әдістер -профессиограмма (кәсіптерді қысқаша сипаттау ); -компьютерлік, ақпараттық-анықтамалық жүйелер, жаһандық ақпараттық желі "Интернет"; -кәсіби жарнама және үгіт; -ашық есік күндері ; -дәрістер, жастармен бағдарлық сабақтар жүргізу; -оқу фильмдер мен бейнефильмдер;
2. Кәсіби өзін өзі анықтаудың кәсіби және тұлғалық белсенді әдістері. Кәсіби өзін-өзі анықтау дегеніміз адам дербестігін көздейді, мұндай тұлғаның өзін-өзі анықтау белсенділігін түсіну маңызды болып табылады. Сол сияқты ең маңызды белсенділігін қарастыру үшін ол “мотив”, “ерік жігер”, “әрекет” ұғымдармен қатысады. Психологияда белсенді әдістерді зерттеу үшін теориялық дәне эксперименттік тәжірибелерге бай. Ол қазіргі замаңғы ішкі белсенділігінің мәселесін түсінуге мүмкіндік береді. Белсенділік жеке тұлғаның өзара әлеуметтік психологиялық қамтитын саласы. Ішкі және Сыртқы белсенділіктің бөлінуі шартты сипатқа ие, бұл сипаттамалар белсенді әдістер түрлерін қарастыруға мүмкіндік береді. Осылайша, сыртқы белсенділік бейімдік сипатқа ие, тұлғалық бейтарап болып табылады, сол уақытта ішкі белсенділік ынталы, тұлғалық дамуына ықпал етеді. Кәсіби өзін өзі анықтау- кәсіби бағдардың жоғарғы деңгейі болып табылады.
Кәсіби өзін өзі анықтаудың кәсіби және тұлғалық белсенді әдістері. Сыныппен кәсіби бағдар ойындары; Кәсіптік бағдар беру жаттығуларына арналған ойындар; Карточкалық кәсіби кеңес беру әдістемесі; Бланкттік карточкалық әдустемесі; Белсенді кәсіби бағдар беру сауалнамалары; Сыныппен бланкттік ойын; Құнды мағыналық сауалнамалар; Белсендірілген сауалнамалар; Ақпараттық іздестіру жүйесі.
3. Кәсіби кеңес беру әдістемесі бойынша жалпы түсінік. Кәсіби кеңес беру дегеніміз психологиялық әдісі кәсіби өзін өзі анықтау адамдарға көмектесетін әдістеме, сондай ақ кәсіби өмір қиындықтарын жеңу болып табылады. Кәсіби кеңес беру әсіресе мамандық және оқу орнын тандау кезінде қажет. Осы кезеңде кәсіби кеңес беру ең тиімді болып тыбылады. жалпы кәсіби кеңес беру тұжырымдар мне қасиеттерін өзектендіруге бағытталған. Оқушылар үшін кәсіби кеңес беру әзірше кәсіби бағдар әдістерінің бірі болып табылады, алайда соңғы жылдары зерттеушілер белсенді әдістерге назар аударып отыр. Ол әдістер арқылы оқушылардың ойлау қабілетіне және қарқынды дамуына ықпал етеді. Кәсіби кеңес беру психологиялық көмек болып табылады. Кәсіби кеңес беру кеңесші мен клиент арасында өзара шығармашылық іс қимыл нәтижесінде адам өзінің кәсіби жоспарын анықтайды және жүзеге асыру қолдайлы жолдарын іздейді
Кәсіби кеңес беру жүйесі Кәсіби бағдарберу жұмыстарының түрлері Мақсаты Әдістері Кәсіби бағдарберу сұрақтары бойынша психологиялық арнау Объектіге мамандық туралы қажетті ақпараиберу. Кәсіптер туралы бағдар беру. Әңгіме, лекция, сабақтар, тақырыптықсұрақтар. Кәсібикеңес беру Ықпал ететін кәсібижолдар таңдау Кәсіби диагностика,белсенділік әдістер, өмірлік жоспар құру, кәсіби бағдар