PPt4Web Хостинг презентаций

Главная / Педагогика / Қамқоршылар - мейірімді жандар
X Код для использования на сайте:

Скопируйте этот код и вставьте его на свой сайт

X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте, пожалуйста, её своим друзьям в любой соц. сети.

После чего скачивание начнётся автоматически!

Кнопки:

Презентация на тему: Қамқоршылар - мейірімді жандар


Скачать эту презентацию

Презентация на тему: Қамқоршылар - мейірімді жандар


Скачать эту презентацию

№ слайда 1 «Қамқоршылар – мейірімді жандар»
Описание слайда:

«Қамқоршылар – мейірімді жандар»

№ слайда 2 Әлеуметтік педагог – білім беру мекемесінің студенттердің әлеуметтік және кәсіпт
Описание слайда:

Әлеуметтік педагог – білім беру мекемесінің студенттердің әлеуметтік және кәсіптік өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасайтын, оқытушылардың және ата-аналардың ізгілік, тұлғалық бағдарланған тәсілді ұйымдастырып отыратын қызметкер. Әлеуметтік педагогтың мақсаты – студенттерге психологиялық жайлылық және қауіпсіздік жағдай жасау болып табылады, әлеуметтік-құқықтық, психологиялық, педагогикалық тетіктерін қанағаттандыру және жағымсыз құбылыстарды отбасында, колледжде, басқа да айналасындағы социумда алдына алуболып табылады. Әлеуметтік педагогтың негізгі міндетері - білім беру мекемесінде студенттерге әлеуметтік құқықтарын қорғау, дамыту және кәсіптік оқыту ға жағдай жасау, отбасымен және колледжің арасында әріптестік қарым-қатынас жасау.

№ слайда 3 Жетiм студенттер мен ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) қамқорлығынсыз қалған бала
Описание слайда:

Жетiм студенттер мен ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) қамқорлығынсыз қалған балалардың құқығы мен қызығушылығын қорғауды қамтамасыз ету. Жетiм студенттердің қызығушылығын, бейімділігін, психикалық-физиологиялық ерекшелiктерiн ескере отырып бірігіп тәрбиелеу. Қызығушылығын және шығармашылық қабілеттерін дамытуға жағдай жасау. Өмірі мен денсаулығын, барлық моральдық және физикалық формадағы қысымдардан қорғау. Жетім студенттермен өткізетін жұмыстың мазмұны. Жаңадан түскен жетім, ата-анасының (заңды өкiлдерiнiң) қамқорлығынсыз қалған студенттерге диагностика жасау. Студенттерге жасалған диагностиканың нәтижесіне қарай шара ұсыну. Кәмелеттік жасқа толмаған жетім студенттермен жеке жұмыс жүргізу. Балалардың құқығын қорғау Департаментімен байланыс жасау. Жетім студенттермен жұмыс

№ слайда 4 Колледждің жетім студенттеріне әлеуметтік көмек көрсету шарттары Ақылы топтарда
Описание слайда:

Колледждің жетім студенттеріне әлеуметтік көмек көрсету шарттары Ақылы топтарда оқитын жетім студенттердің оқу ақысына жеңілдік көрсету. Мемлекеттік негізінде оқитын жетім студенттерді тегін тамақпен және 1 курс студенттерін киіммен қамтамасыз ету. Күндізгі бөлімде оқитын жетім студенттерге әлеуметтік көмек ретінде оқу ақысына жеңілдіктер қарастыру. 1) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттерге -100% 2) Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,бірақ қамқоршысы бар студенттерге 30 % -50% Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған студенттердің оқу ақысына жеңілдік жасау үшін төмендегідей құжаттар тізбегі қажет: 1) Студенттердің туу туралы куәлігі (нотариалды бекітілген көшірмесі) 2) Ата-анасының қайтыс болғандығы туралы куәлік (нотариалды бекітілген көшірмесі) 3) Қорғаншылық туралы куәлік(нотариалды бекітілген көшірмесі) 4) Салық басқармасынан алынған кіріс табысы туралы анықтама.

№ слайда 5 Студенттерге жеңілдік оқу жылына немесе оқуының соңына дейін беріледі. Жеңілдік
Описание слайда:

Студенттерге жеңілдік оқу жылына немесе оқуының соңына дейін беріледі. Жеңілдік алу үшін берілген өтініштер колледж директорының бұйрығымен және жетім студенттермен жұмыс комиссиясында қарастырылады. Комиссияның шешімі басым көпшілік дауысымен қабылданады және хаттама толтырылады. Хаттамада алған жеңілдіктің көлемі немесе жеңілдік алмау себебі көрсетілуі керек. Студенттер жеңілдік алу туралы өтініштерін Жамбыл медициналық колледжі директорының атына жазып, жоғарыда көрсетілген қажетті құжаттармен өткізіледі. Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі:

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7 Жасөспірімнің психологиялық қауіпсіздігін не бұзады? баланың санасын жоспарлы тү
Описание слайда:

Жасөспірімнің психологиялық қауіпсіздігін не бұзады? баланың санасын жоспарлы түрде сәтсіздікке бағдарлайтын ата-ана, мұғалімдер тарапынан үзілмейтін сын; баланың достарынан, таныстарынан оқшаулануы; өте тым қатал ережелер немесе олардың мүлде жоқ болуы; баланың кемшіліктерін, осал жерін, сыртқы түрін мазаққа айналдыру; ауызша және ауызша емес бағытталған кемшілігі бар жолдаулар (әсіресе мынадай «сен бізге керек емессің»); баланы қоршаған ортаның алкогольге және алкогольдік ішімдіктерге деген төзімділігі; ата-ананың баласымен сөйлесуге уақытының жоқтығы.

№ слайда 8 Не қорғайды және нығайтады? бала өзінің отбасында тәуелсіз екенін сезіну үшін ат
Описание слайда:

Не қорғайды және нығайтады? бала өзінің отбасында тәуелсіз екенін сезіну үшін ата-ананың баламен сындарлы қарым-қатынасы; баланың өзіндік сенімін қолдау және оның отбасында бағалымын деген сезімін қолдайтын жолдаулар-ауызша және ауызша емес; пәс көңіл-күйі үшін жазалаудың орнына жақсы көңіл күйді сыйлаумен ауыстыру(«Скиннер жетоны»); егер ата-ананың әрекеті дұрыс болмаған жағдайда, баладан кешірім сұрай білу шеберлігі; жасөспірімнің сезіміне және әсеріне шындап көңіл бөлу; психологиялық әдістерді қолдану: балаға қосылып оны әсерлі тыңдай білу; балаға ілесе отырып уақытында баланың психологиялық жағдайының өзгерістерін «құндақтай» білу шеберлігі; баланы алып жүріп оған қысымшылықсыз пайдалы, игілікпен ықпал ету шеберлігі.

№ слайда 9 Жасөспіріммен қатынасты қалай жақсартуға болады? баланы дұрыс түсіне білуге үйре
Описание слайда:

Жасөспіріммен қатынасты қалай жақсартуға болады? баланы дұрыс түсіне білуге үйрену және оны дұрыс түсінгендігіңіз туралы баланың санасына жеткізу; өзіңізді балаға деген жаман теріс сезімнен аулақ ұстаңыз, тіпті олай ойлауға да болмайды (олар шындыққа айналуы мүмкін, теріс күшпен әсер етуі, отбасында теріс көзқарас тудыруы мүмкін); баланы жаман жат қылықтардан арылту үшін, отбасылық салауатты өмір салтын қалыптастыру қажет; жасөспірімнің (әсіресе қыз баланың) тіпті «қауіпсіз секс» оның жасында қаншалықты қауіпті екеніне көз жеткізіңіз, сендіріңіз: ол жабығу, өзіне қол жұмсауға алып келеді; ата-ана түсіну керек: бала өзінің қауіпсіздік сезімін және бейғам балалық сезімін сақтап қалу үшін, жасөспірім шағында өз дамуының алғашқы сатысын өте күрделі түрде қайталайды; жасөспіріммен серіктестік қатынасын орнату, оған отбасы шешімдерін қабылдауға қатысумүмкіндігін беру, әсіресе өзіне қатысты шешімдер;

№ слайда 10 Баланы топтың және «алаяқ досының» қысымынан қалай қорғануына болатынын үйрету б
Описание слайда:

Баланы топтың және «алаяқ досының» қысымынан қалай қорғануына болатынын үйрету баланы жеке және топтық қысым әдістерін танып айыра білуге үйрету, мақсатымен таныстыру; бала өзі таңдап талғауға және басқа біреудің шешімін қабылдамауға құқығы бар екеніне сендіру; егер бала бір хабар айтқысы келсе, оны кейінге қалдырмай және бұл хабарды маңызды деп қабылдау, елемей қоюға болмайды.

№ слайда 11 Баланы «артық адам» деген жасқаншақтықтан қалай арылтуға болады? бала өзінің ата
Описание слайда:

Баланы «артық адам» деген жасқаншақтықтан қалай арылтуға болады? бала өзінің ата-ана, аға-қарындастарына аса құнды екенін сезіну үшін, отбасында психологиялық жайлылық атмосферасы орнау керек; баланың әрбір жетістігін кішігірім отбасылық мерекеге айландырып атап өту керек; баланы өз қалауы бойынша көркем қолөнер кәсібіне, сазды әуенге, сурет салуға немесе қандай да бір қарусыз қорғанудың түріне үйрету (қазақша күрес, немесе шығыс жекпе-жегі); баланы отбасындағы өзара қызмет көрсету жүйесіне қосу, оған қолынан келетіндей күш жұмсату; егер бала біреуге залалын тигізсе, оның орнын толтыру үшін балаға жаза қолдану; баланы әртүрлі шығармашылық әрекеттерге тартып қатыстыру:әдеби үйірме, театр студиясы, экологиялық туризм; жасөспірімнің идеологиялық кейіпкерді үлгі тұтуына абайлап қарау, баламен дәлелді пікірталас жүргізгенде оған сыймен қарап, оның идеологиялық сеніміне құқығы бар екенін мойындау керек; өз басыңыздың тәлім тәрбие негізінде, баланың жаман жат қылықтардан босану пайдасына сендіру:шіімді ішпеу, шылым шекпеу, жаман сөз айтпау, боқтау сөздерді қолданбау; бірқалыпты негізде психологтың көмегін қолдану және оның айтқандарын өзінің тәрбие жүйесінде орындау.

№ слайда 12 Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің алдын алу баланы жалғыздық сезімінен және шеттен
Описание слайда:

Өзіне-өзі қол жұмсау әрекетінің алдын алу баланы жалғыздық сезімінен және шеттенуден сақтаңыз; баланың істеген ісінің, айналысатын шаруасының барлық жағынан мінсіз болуын талап етпеңіз, ол баланы есеңгіруге, жүйкесін зорлауға әкеліп соғады; екі күнде бір жасөспіріммен оның көңілін аулай отырып, оның қызығушылығы жайлы әңгімелесіңіз; оны қызықтыратын жайттарға ортақтасу, үнемі онымен бірге еңбек ету, бос уақытты бірге өткізу; психологтардың балаға қажетті энергетика қорын беру үшін оны 12 жасқа дейін жиі аймалап, күніне 11 рет сүю қажет деген бақылауын қарулыққа алу; баланың жіберген кемшіліктерін жеңіліс деп емес- осал жерлерін көрсететін тәжірибе деп үйрету; балаға терең қайғы және қорқыныш, үрей әкелетін жағымсыздықтың бірден-бір сезімін және тұйықтық сезімін жою; баланы өз жекеменшігіңіз деп санамау және оның жеке басына қол сұқпау;-баланы өзінен басқа біреуге қамқорлық жасауға уйрету, мысалы, үй жануарларына: бұл әрекет баланың жауапкершілігін арттырады және жалғыздық сезімін жояды.

№ слайда 13 Бақытты болам десең, үйіңнің тыныштығын көзіңнің қарашығындай сақта. Ел болам де
Описание слайда:

Бақытты болам десең, үйіңнің тыныштығын көзіңнің қарашығындай сақта. Ел болам десең, бесігіңді түзе.

№ слайда 14 Назарларыңызға рахмет!
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет!

Скачать эту презентацию

Презентации по предмету
Презентации из категории
Лучшее на fresher.ru