Тақырыбы: «Қаңқаға жалпы сиппаттама. Тақырыбы: «Қаңқаға жалпы сиппаттама. Тұлға қаңқасы » Мамандығы: «Емдеу ісі», Курс, жарты жылдық : II курс, III және IV жарты жылдық. Дайындаған анатомия пәнінің оқытушысы: Каримова Н.К. 2010-2011 оқу жылдығы
Қаңқа (skeletos) – адам денесіндегі барлық сүйектердің жиынтығы. Адам денесінің қатты бөлігін құрайды. Адам қаңқасы төрт бөліктен тұрады: 1. тұлға ( омыртқа жотасы, қабырғалар, жауырын, бұғана, төс сүйегі) 2. қолдың ( қар, білек, қол сүйектері) 3. аяқтың ( жамбас, сан, аяқ басының сүйектері) 4. бастың қаңқалары ( ми, бет сүйектері) Қаңқа қызыметі: 1. Механикалық: - адам денесінің тіреуіші, қорғаушысы. Сондықтан адам тік жүреді, қозғалады. 2. Биологиялық: - қаңқа зат алмасуға қатысады, - қан сүйектерде пайда болады, -минералды тұздардың алмасуына қатысады.
Сүйек мүше ретінде. Сүйек, os, ossis – дененің негізгі тіреуіш мүшесі. Негізін тығыз (қатты) және кемек (борпылдақ) заттар құрайды. Сүйек сыртынан сүйек қабығымен ( периост) қапталған. Сүйек ұлпасынан тұрады. Сырты қатты, ұлпасы тығыз болып келеді, ішкі жағы кеуек, борпылдақ ұлпадан тұрады. Кеуек сүйек ұлпасы қатты қабықтың астында әр түрлі бағытта торланған. Сүйек қалыңдап өседі, сол себепті жасқа байланысты сүйектің қалыңдығы әр түрлі болып келеді. Сүйектердің периост қабығы жұқа, бірақ берік дәнекер ұлпа жапқышы. Ол сүйекті қоректендіріп тұрады.Денедегі сүйектердің жалпы саны 200-ден астам. Олар адам денесінің қатты бөлігін құрайды. Сүйектің химиялық құрамы: 1.Органикалық заттардан (1/3), негізі оссеиннен; 2. Бейорганикалық заттардан (2/3), негізінен кальций тұздары. Бейорганикалық және органикалық заттардың тірі сүйекке аралас болуы оған аса беріктік пен серпімділік қасиет береді. Жас балалардың сүйегінде оссеин көптеу болғандықтан олар өте иілгіш көп сына бермейді.