Жоспары: І Кіріспе ІІ Негізгі бөлім Жүрек қантамыр жүйесі ауруларын тағаммен емдеу және емдік дене шынықтыру. ІІІ Қорытынды ІV Пайдаланылған әдебиеттер
Емдік дене шынықтырудың әсер ету механизмі
Жүректің ишемиялық ауруы
Миокард инфаркті МИ-і – коронарлық қантамырдың бір бұтағы тромбпен не атеросклероздық табақшамен бітелгендіктен пайда болады. Нәтижесінде сол аймақта жүрек бұлшықетінің қанайналымы бұзылып, онда ишемиялық некроз дамиды. МИ-і созылмалы коронарлық жеткіліксіздік салдарынан көктамырдың атеросклерозы бар науқастарда дамиды. Тромбтың түзілуіне қан ұйығыштығының жоғарылауы әсер етеді.
Ауруханадағы кезең Емдік гимнастика науқастың жатқан, отырған, тұрған қалыптарында орындалады. Қозғалыс тәртібі (режимі): 1. төсекте жатқан қалыпта: екі жағына кезек бұрылу, аяқ-қолдарын қозғау, күніне 2-3 рет 10 минут бойы басын көтеру. Дәретті ыдыспен қабылдайды. 2.төсекте отырған қалыпта: жоғарыдағы шараларға қосымша күніне 2-3 рет 10 минут бойы көтеріліп отыру. Бұған қоса: тісін тазалау, қырыну және жуыну. 3. палатада: жоғарыдағы шараларға қосымша – орындықта отыру, үстел басында өз бетінше тамақ ішу, тұрмыстық салмақты орындау. 4. еркін: жоғарыдағы шараларға қосымша күніне 2-3 рет коридорда 50м – 200м жүру. Емшараның ұзақтығы 5-15минут, баяу, амплитудасы аз және тыныс алу жаттығуларымен үйлестіріледі. Ем барысында ЭКГ-мен бақылау жасалады.
Қолдау кезеңі Ауырғаннан кейін 3-4 айдан басталып, өмір бойы жалғасады. Осы кезеңде қолданылатын ЕДШ құралдары: емдік жаттығулар жүйесі, жаяу жүру, серуендеу, балық аулау, жеміс-жидек теру т.б. Реабилитациялау науқастың жағдайына байланысты құрастырылады.
Пайдаланылған әдебиеттер: Лечебная физическая культура и массаж Л.Качанов, Р.Сидорова, Н.Шапекова. Емдік денешынықтыру Нәбиев.Е.Н
Назар аударғандарыңызға рахмет