Медицина ғылымын зерттеген ғалымдар Дайындаған: Нұрман Жалғасбай 11 топ
Медицинаның атасы саналатын дәрігер ғалымдардың бірі ол Абу Али Хусейн ибн Абдуллах Ибн Сина болатын. Оның да дүние жүзіне емдік қасиеті аты шығып, әр елдерге, басқа қалаларға шақыру алып, сапарда болған мәлім. Ол науқастың жағдайын емдеп қана қоймай, оның көңіл күй жағдайын біліп оны шегеріп отыру қажет деген ұсынысқа келген.
Микроорганизмдер XVIIIғасырдың аяғында ашыла бастаған, ал XIX ғасырдың басында ғылым ретінде қалыптасты. Микробиология негізін қалаушысы француз ғалымы химигі және микробиологы Луй Пастер(1822-1895) еңбектерімен байланысты
Медициналық микробиологияның жетістіктерінің бірі орыс ғалымы, биолог,патолог,иммунолог және бактериолог Илья Ильич Мечников(1845-1916) еңбектерімен байланыстырады. - Иммунология, фагоцитоз теориясын және эволюциялық эмбиологияның негізін қалаушысы - Антиденелердің пайда болу себептерін - Орыс бактериология мектебінің негізін қалаушысы - 1908 жылы гуморальды иммунитет туралы ғылымның негізін қалаған үшін Пауль Эрлих пен Илья Ильич Мечников Нобель сыйлығын ие болған
Медициналық микробиология прогрессі XIX ғасырдың аяғындағы неміс ғалымы Роберт Кох (1843-1910) пен байланысты 1882 жылы наурызда Берлиндік физиологиялық ұйымда сол уақытта етек алып көп адамдардың өліміне себепші болған туберкулез қоздырғышын тапқанын жариялап микроскопта көрсеткен, соның құрметіне Кох таяқшасы деп атаған. Бір жылдан соң Египетте холлера эпидемиясы кезінде холлера эмбрионын ашқан және т.с.с медицинаға көптеген үлестерін қосқан ғалым
Беккерель фотопластинаны тығыз қара қағазға орап, үстiне уран тұзының қиыршықтарын сеуiп, ашық күн сәулесiне койды. Айқындағаннан кейiн пластинаның тұз жатқан бөлiктерi қарайғанын көрген. Ендеше, уран, рентген сәулесi сияқты, мөлдiр емес денелерден өтiп, фотопластинаға әсер ететiн белгiсiз сәуле шығарады екен. Беккерелъ бұл сәуле шығару күн сәулелерiнiң әсерінен пайда болады деп ойлады. Бiрақ 1896 ж. ақпанның бiр күнiнде ауа райы бұлтты болғандықтан, кезектi тәжiрибенi өткiзу сәтi түспедi де, Беккерель үстiне уранның тұзы себiлген мыс крест жатқан пластинаны үстелдiң суырмасына алып койған. Екi күн өткен соң пластинаны алып айқындаған кезде, онда крестiң айқын колеңкесi түрiнде дақ пайда болғанын байқаған. Бұл — уран тұздарының сыртқы факторлардың әсерiнсiз-ақ, өздiгiнен белгiсiз сәуле шығаратынын көрсетедi. Антуан Анри Беккерель (1852-1908)
1898 ж. Францияда Мария Склодовская-Кюри және басқа да ғалымдар торийдiң сәуле шығаратынын байқаған. Бұдан әрi жаңа элементтерi iздеуде негiзгi күш салған Мария Склодовская-Кюри мен оның ерi Пьер Кюри болды. Уран мен торийi бар рудаларды жуйелi түрде зерттеу, олардың iшiнен бұрын белгiсiз, Мария Склодовская-Кюридің отаны — Польшаның құрметiне полоний деп аталған, жаңа элементтi бөлiп алуға мүмкiндiк бердi. Ақырында өте қуатты сәуле шығаратын тағы бiр элемент ашылды. Ол радий (яғни сәулелi) деп аталды, Өздiгiнен сәуле шығару құбылысының өзiн ерлi-зайыпты Кюрилер радиоактiвтік деп атады. Радийдiң салыстырмалы атомның массасы 226-ға тең және Д.И. Менделеев кестесiндегi 88-нөмiрлi торкөзге орналасқан. Кюри ашқанға дейiн бұл торкөз бос болған. Өзiнiц химиялық қасиеттерi бойынша радий сілтiлiк жер элементтерiне жатады. Соңынан реттiк нөмiрi 83-тен жоғары химиялық элементтердiң бәрi де радиоактивтi болатындығы анықталды. Мария Склодовская-Кюри (1867 - 1934)
1891 жылы Вильгельм Конрад Рентген сәулеленудің жаңа түрін ашып, оны Х-сәулелер деп атады. Әлі күнге дейін көп елдерде рентген сәулелері осылай аталады. Катодтық сәулелердің әйнекке түскенде ол көрінетін жарық- жасыл люминесценттік сәуле шығаратынын көрді. Ең алғаш рет иондық сәулеленудің адамға зиянды әсері 1896 жылы, рентгенге түскен адамдар мен оны түсірген дәрігерлерде рентгендік дерматит пайда болған кезде тіркелген. Рентген сәулесі — гамма- және ультракүлгін сәулелер арасындағы диапазонды қамтитын электрмагниттік толқындар.
1976 жылы Дженнер шешуші тәжірибе қойған.Сара Нельмс деген сиыр шешегі жұққан сауыншыдан шешек материалын 8 жасар дені сау Джеймс деген балаға егеді.1 апта өткен соң бала сәл ауырып жазылып кетеді.Тағы 1 апта өткен соң нағыз қара шешектің өзін егеді.Бірақ балаға бұл қатерлі шешек жұқпайды.Сөйтіп Дженнер шешек ауруынан құтылудың жолын тапты.
Ғылыми иммунология атасы – француз Луй Пастер.Ол вакцина жасаудың универсалды тәсілін тауып тырысқақ,күйдіргі,құтыру ауруларына қарсы вакцина жасады.
1898-1899 ж.Н.Н.Чистович,Ж.Борде- Мечников шәкірттері антидене жасалуы үшін микроорганизмдер керектігі шарт емес екендігін анықтады.Бірақ бұл еңбек елеусіз қалды.Қазір осы жұмыстың әр түрлі жануарлардың тін антигендерін зерттеуде инфекциялық емес иммунологияның шығуының себепкер болғаны анықталып отыр.
1900ж. Ландштейнер қан топтарын ашты.Олар АВО жүйе деп аталады.Бір түрге жататын организмдердің иммунитеттік айырмашылығын зерттейтін иммунологияның бір тармағы пайда болды.Ол-тін изоантигенін зерттейтін ғылым.
Иммунология ғылымы дамуының жаңа белесі 1945 ж. Басталады және ағылшын ғалымы Медавар есімімен байланысты.Ол иммунитет ағзаны тек микробтан ғана емес,сонымен қатар генетикалық бөгде ағзалардың жасушалары мен тіндерінен де қорғайтынын дәлелдеді