Қадір Мырза Әлі Орындаған:Нақып Нұрсая
Ақын 1935 жылы 5 қазанда Орал облысының Жымпиты кентінде туған. 1958 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін тәмамдаған. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы (1995), ҚР Әнұранының сөзін жазған авторлардың бірі.
Кітаптары «Жаңғалақтар» (1960); «Кішкене қожанасырлар» (1961); «Данышпан» (1961); «Ноян-қоян» (1962); «Алуан палуан» (1963); «Сабақ» (1964).
Жыр жинақтары «Ой орманы» (1965); «Дала дидары» (1966); «Ақ отау» (1968); «Домбыра» (1971); «Көш» (1973); «Жерұйық» (1976); «Алақан» (1977); «Қорамсақ» (1980, 1981); «Қызыл кітап» (1983); «Күміс қоңырау» (1970 — 1985); «Мәңгі майдан» (1993); «Биік баспалдақ» (1993);
Аударылған шығармалары Қадыр Мырза Әлі көркем аударма саласында да жемісті еңбектері көп. Әлемдік әдебиет талайының шығармаларын ол қазақ тіліне аударады. Ал өзінің біраз топтамалары мен таңдаулы өлеңдері ағылшын, француз, неміс, поляк, болгар, венгер, фин тілдеріне аударылды. Орыс тілінде «Бессонница» (1967), «Белая юрта» (1968), «Соловьиный сад» (1971), «Степные пути» (1975), «Твой дом» (1976), «Верхная струна домбры» (1976), «Ладони» (1984), «Нижная струна домбры» (1985), тағы басқа кітаптары жарық көрсе, өзбек тілінде «Күміс қоңырау» (1975), қырғыз тілінде «Алақан» (1979), Әзірбайжан тілінде «Бұлбұл бағы» (1980), моңғол тілінде «Шымыр жаңғақ» секілді еңбектері басылды.
Өмірбаяны Еңбек жолын сол кезде жаңадан ашылған балалар журналы «Балдырғаннан» бастаған. «Жұлдыз» журналы редакциясында поэзия және сын бөлімінің меңгерушісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары, 1968-1973 жылдары «Жазушы» баспасында қазақ поэзиясы бөлімінің меңгерушісі, «Балауса» баспасының редакторы, кейін Қазақстан Жазушылар одағында поэзия секциясының кеңесшісі болған.
Сыйлық иегері 1966 жылы «Ой орманы» өлеңдер жинағы үшін Қадыр Мырза Әліге Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығының лауреаты атағы берілді. 1980 жылы «Жерұйық» жыр кітабы үшін ол Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты атанды. 2001 жыл Тәуелсіз «Тарлан» сыйлығына ие болды. 1993 жылы Қадыр Мырза Әлі өлемдік поэзияға қосқан аса зор еңбегі үшін Моңғолияның халықаралық «АВЬЯС» сыйлығын алды.
Назарларыңызға рахмет!!!!!!!