PPt4Web Хостинг презентаций

Главная / История / Ұлы Жібек жолы
X Код для использования на сайте:

Скопируйте этот код и вставьте его на свой сайт

X

Чтобы скачать данную презентацию, порекомендуйте, пожалуйста, её своим друзьям в любой соц. сети.

После чего скачивание начнётся автоматически!

Кнопки:

Презентация на тему: Ұлы Жібек жолы


Скачать эту презентацию

Презентация на тему: Ұлы Жібек жолы


Скачать эту презентацию



№ слайда 1 Ұлы Жібек жолы
Описание слайда:

Ұлы Жібек жолы

№ слайда 2
Описание слайда:

№ слайда 3 VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөне
Описание слайда:

VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. VI-XII ғасырда Орта Азия мен Қазақстанда қалалар тез өсті. Олар сауда мен қолөнердің, дін мен мәдениеттің тірегіне айналды. Батыс Түркістан жерінде Суяб, Құлан, Мерке, Тараз, Отырар, Испиджаб сияқты қалалар бой көтерді. Олардың көтерілуі таптық қоғамның шығуының айқын көрінісі еді. Орта ғасырда Қазақстан өзінің қалалары арқылы әлемдік қарым-қатынастан тысқары қалмай, Еуропа және Азия елдерімен Жібек жолы арқылы сауда жасасып, байланысын үзген жоқ. Бұл кезде Қазақстанның оңтүстігінде басты және ірі қалалардың бірі-Испиджаб(қазіргі Сайрам) болды. Оның толық сипаттамсын Әл-Макдиси берген. «Испиджаб ірі қала,-деп жазды ол.Оның рабады(күзеті) мен тұратын мединасы бар. Онда төбесі жоқ базарлар, мата базары мен үлкен мешіт бар. Оның 4 қақпасы: Нуджакет қақпасы, Фархан қақпасы,Шахраны қақпасы, Бұқара қақпасы әр қақпаның жанында рабады бар».

№ слайда 4 Сауда кезіндегі қарым-қатынас, экономикалық байланыс Сауда кезіндегі қарым-қатын
Описание слайда:

Сауда кезіндегі қарым-қатынас, экономикалық байланыс Сауда кезіндегі қарым-қатынас, экономикалық байланыс

№ слайда 5 Орхон ескерткіштері
Описание слайда:

Орхон ескерткіштері

№ слайда 6
Описание слайда:

№ слайда 7 Алаша хан күмбезі Алаша хан күмбезі - Х-ХІ ғасырлардағы архитектуралық ескерткіш
Описание слайда:

Алаша хан күмбезі Алаша хан күмбезі - Х-ХІ ғасырлардағы архитектуралық ескерткіш. Қаракеңгір өзенінің оң жағалауында орналасқан. Пішіні төртбұрышты, биіктігі 10 м. Кірпіштер қолдан тоқылған кілем (алаша) өрнегімен қаланған. Алаша хан ел аузындағы аңыз бойынша қазақтардың басшысы, ақылды, батыр, байтақ далада тұңғыш рет ірі мемлекет құрған хан болған.

№ слайда 8 Ахмет Йасауи кесенесі Ахмет Йасауи кесенесі - көне архитектуралық ескерткіш. Әуе
Описание слайда:

Ахмет Йасауи кесенесі Ахмет Йасауи кесенесі - көне архитектуралық ескерткіш. Әуелі Қарахан дәуірінде (XIIғ.) тұрғызылып, оның қираған іргесіне XIV ғасырдың аяқ шені мен XV ғасырдың басында Әмір Темірдің бұйрығымен салынған. Бұл кесене Түркістанда түркі халықтарының тәу ететін орталығы болған. Ахмет Йасауи кесенесі - БҰҰ-ның дүниежүзілік ескерткіштері қатарына енгізілді. Бұл кесене - халық өнерінің лағыл маржанын біздің заманымызға дейін жеткізген ғажайып асыл туындылардың бірі. Сонымен бірге Жібек жолы бойында орналасқан Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі қалалардың атқарған рөлі, көршілес елдермен байланыс жасауға қолайлылығы мен орналасу ерекшелігіне қысқаша мағлұматтар беріледі.

№ слайда 9 Сарайшық Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездег
Описание слайда:

Сарайшық Атырау қаласынан 55 шақырым жерде, Жайықтың оң жақ жағасында бір кездегі атақты Сарайджук (Сарайшық) қаласының қираған орны жатыр. Қаланың іргесі XI ғасырда қаланған, гүлденген дәуірі XIII-XIV ғасырлар аралығы. Қала Еуропа мен Азияны жалғастыратын керуен жолы бойында орналаскан. Мұнда салтанатты сарайлар, керуен-сарайлар, моншалар, мешіт-медреселер салынған. Қала Алтын Орда хандары жерленген қасиетті орынға айналған.

№ слайда 10 Тараз Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала. Бұл жайындағы алғашқы дерек
Описание слайда:

Тараз Қазіргі Тараз қаласының орнындағы ежелгі қала. Бұл жайындағы алғашқы дерек грек елшісі Земархтың хабарламасында айтылады, ал 630 ж. Сюань Цзанның жазбасында ірі сауда қаласы ретінде сипатталады. Тараз VII- VIII ғасырда Ұлы Жібек жолында орналасқан сауда және қолөнер орталығына айналған. Мұнда оңтүстіктің күміс кендері мен терістіктегі қимақтарға баратын керуен жолдары тоғысатын. X ғасырдағы араб географы әл-Макдиси былай деп жазды: «Тараз - бақтары көп, халқы тығыз қоныстанған, қамал сыртынан терең орлар қазылған, төрт қақпасы және төңірегінде елді мекені бар ірі бекіністі қала».

№ слайда 11 Отырар Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне
Описание слайда:

Отырар Қазақстанның ортағасырлық ірі қалаларының бірі. Сырдарияның Арыс өзеніне құяр сағасына таяу орналасқан. Отырар қаласының аты VIII ғасырдан бастап аталғанмен, оның бастапқы тарихы б.з.б. II ғасырда Сырдарияның орта ағысында пайда болған Қаңлы (Кангюй) мемлекетінің тарихымен тығыз байланысты. IX ғасырдың ортасынан бастап Отырар (Фараб деп те аталған) Самани әулеті мемлекетінің ықпалында болды.

№ слайда 12 Құлан Орта ғасырдағы (VII-XII ғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Р
Описание слайда:

Құлан Орта ғасырдағы (VII-XII ғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам жолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: «Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал.

№ слайда 13 Қойлық
Описание слайда:

Қойлық

№ слайда 14 Саудакент Орта ғасырлардағы ірі қалалардың бірі. Қаратаудың солтүстік беткейінде
Описание слайда:

Саудакент Орта ғасырлардағы ірі қалалардың бірі. Қаратаудың солтүстік беткейінде қазіргі Байқадам кентінің маңында орналасқан. Ежелгі деректерде ол Сугулхан (X ғ.), кейінірек Сулхан (XIII ғ.) деген атпен белгілі. Саудакент VII-XII ғасырларда Қаратаудың солтүстік бөктері арқылы өтетін керуен жолы бойындағы ірі сауда мен қолөнердің орталығына айналған. ҚазКСР ҒА-ның Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы қазба жұмыстары кезінде 11 мұнаралы дуалмен қоршалған ескі қаланың орнын аршып алған. Қала орнынан табылған құмыралар, қыштан жасалған түрлі ыдыс-аяқтар оның VI-XV ғасырларда өмір сүргенін дәлелдейді.

№ слайда 15 Ұлы жібек жолы
Описание слайда:

Ұлы жібек жолы

Скачать эту презентацию


Презентации по предмету
Презентации из категории
Лучшее на fresher.ru