АНРИ ФАЙОЛЬ (1841-1925) француздық тау кен инженері, менеджментті теориялық және практикалық тұрғыдан қарастырған, ұйымдастырушылық мектептің негізін қалаған.
А. Файолды - қазіргі менеджменттің әкесі деп атайды. Классикалық - әкімшілік мектептің негізгі мақсаты: - басқарудың ортақ, жалпылама принциптерін ойлап табу. Осы принциптерді күнделікті жұмыста қолдану арқылы үлкен табыстарға жетуге болады.
А.Файоль әкімшілік басқарудың бірнеше (бірге, айрылмас) принциптерін ұсынады. Олар мыналар: Иерархия. Төмен шенділердің жоғарғы шенділерге бағыну тәртібі. Әділеттілік. (адалдық, ниеті түзулер). Жұмыскерлердің тұрақтылығы. Инициатива, ынталылық, ықыластылық.
Бұл бағыттарда Г.Эмерсон. Л.Урвик. М.Вербер және Г.Фордтың еңбектерін айтып кеткен жөн. Әсіресе басқару ғылымының теориясы мен тәжірибелі қолданылуына зор үлес қосқан инженер — механик Гаррингтон Эмерсонның (1853-1931 ж.) орны бөлек. Германияда білім алып, АҚШ та жұмыс істеген ол 1911 жылы "Еңбек өнімділігінің 12 принциптері" деген еңбегімен белгілі болды.